2021 жылы 18 ақпанда Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің Бүкіл ресейлік сыртқы сауда академиясында «Пост-ковид кезеңдегі сыртқы экономикалық қызмет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

20.02.2021

Көрулер: 1838

 

 

2021 жылы 18 ақпанда Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің Бүкіл ресейлік сыртқы сауда академиясында «Пост-ковид кезеңдегі сыртқы экономикалық қызмет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. http://www.vavt.ru/news/docid/7C1D16

Халықаралық конференция Zoom платформасында онлайн формата өтті және Ресей Федерациясының жетекші университеттерінен 70-тен астам қатысушыны: ғалымдарды, практиктерді, докторанттарды, аспиранттарды, магистранттарды біріктіре алды.

Жас ғалымдардың «Сыртқы экономикалық қызметті құқықтық реттеу мәселелері» секциясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «халықаралық құқық» мамандығының докторанттары мен магистранттары ғылыми баяндамалар жасады: PhD докторант Ахметова А.А. ««Legal aspects of ensuring food security inthefield of grain», магистранттар Сейітқанова М.Б., Талғатова К.С. «Сандық экономикадағы зияткерлік меншікті қорғау», Сматаева Ә.А. «Электрондық коммерция саласындағы сауда келісімдерін құқықтық реттеу мәселелері». Ғылыми зерттеулер ҚазҰУ халықаралық құқық кафедрасының ДСҰ және халықаралық сауда құқығы орталығы аясында дайындалдған.

Конференция нәтижесінде РҒЗИ ғылыми базасымен индекстелген материалдар жинағын шығару жоспарлануда.

Ресейдің экономикалық даму министрлігі Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясының жас ғалымдар кеңесінің төрағасына - Л.А. Леваеваға, барлық спикерлерге, конференция секцияларының модераторларына жоғары ұйымдастырушылық деңгейі және кәсіби көзқарасмен қызықты өткізу тәжірибе алмасуға арналған пікірталас алаңы үшін алғысымызды білдіреміз.