2021 жылдың 10 сәуірінде сағат 11:00-де ZOOM платформасында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Халықаралық Қатынастар Факультетінің, «Халықаралық құқық» кафедрасында 1-курс магистранты Турсунбаева Айсана және Доцент м.а, PhD докторы Нысанбекова Ляззат Бегімжанқызының ұйымдас

10.04.2021

Көрулер: 1593

 

2021 жылдың 10 сәуірінде сағат 11:00-де ZOOM платформасында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Халықаралық Қатынастар Факультетінің, «Халықаралық құқық» кафедрасында 1-курс магистранты Турсунбаева Айсана және Доцент м.а, PhD докторы Нысанбекова Ляззат Бегімжанқызының ұйымдастыруымен «Covid-19 және Вакцина» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті. Іс шараға арнайы шақыртумен Қызылорда қалалық көп бейінді ауруханасының маманы, С.Ж Асфедияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің резиденті Қалтаев Ильяс Сәбитұлы эксперт маман ретінде. Сонымен қатар іс-шараға Халықаралық құқық мамандығының 3-курс қазақ бөлімінің студенттерімен қатар Абай атындағы ҚазҰПУ, Қ.И Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, АЭжБнен, ҚазБСҚА, ҚазҰАУ, Абылай Хан атындағы ҚазХҚжӘУ, Турция Республикасының Hasettepe университетінен студенттер қызығушылықтарын танытып қатысты. Эксперт маман Covid19 анықтамасы және оның патогонезі, этиологиясын, антигенің, протоколын және вакцинация туралы мағлұматтар берді. Қатысушылар эксперт маманға сұхбат барысында Вакцина алу неге маңызды?, Вакцина алу қажет пе?, Вакцина басқада қандай аурулардан қорғайды?, Вакцина қашан алуымыз керек?, Вакцинаны кімдер алмауы керек? Т.б. бірқатар сұрақтар қойылды. Іс шара барысында қатысушылар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарына арнайы шақырылған эксперт маманнан жауап алды. Қазіргі таңда Вакцинация еліміздегі өзекті тақырыптардың бірі, осыған орай арнайы эксперт мамандардын жауабы студенттерге өте маңызды.