Сәуірдің 7-ші жұлдызы күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- інің халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасында «Халықаралық құқық» мамандығының 1 курс магистранты Талғатова К.С., Ph.D. докторы, доценті Баймағамбетова З.М «Дербес деректерді қорғау» тақырыбына білім

07.04.2021

Көрулер: 1658

 

 

         Сәуірдің 7-ші жұлдызы күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- інің халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасында «Халықаралық құқық» мамандығының 1 курс магистранты Талғатова К.С., Ph.D. докторы, доценті Баймағамбетова З.М «Дербес деректерді қорғау» тақырыбына білім беру іс-шарасы өткізілді.

         Іс-шараның мақсаты: құқықтық сауаттылықты арттыру және жеке мәліметтерді қорғау бойынша құқықтық білім беру және әлеуметтік хабардарлық деңгейі.

         Іс-шараға «Халықаралық құқық» мамандығының 3 курс студенттері және шақырылған қонақ Әсел Абдильдинова - Қазақстан мен Орталық Азиядағы KPMG халықаралық аудиторлық-консалтингтік компаниясының заң бөлімінің заңгері қатысты. Іс-шара барысында студенттер жеке деректерді құқықтық қорғаудың өзекті мәселелерін, Интернеттегі қауіпсіз мінез-құлықты, жеке деректерді жариялау үшін жауапкершілік проблемаларын, алаяқтықпен күрес проблемаларын белсенді түрде талқылады.

       Әсел Абдильдинова өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісті және студенттердің жеке тұлғалардың жеке деректерінің құпиялылығын қорғау проблемалары, азаматтардың жеке деректерін жариялау және тарату бойынша дауларды шешуде сот практикасының мысалдары туралы сұрақтарына жауап берді. Іс-шара пікірталас форматында, өте қызықты және мазмұнды өтті.