Сәуірдің 7-ші жұлдызы күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасында «Абай-дара, Абай-дана қазақта!» атты тәрбиелік іс-шара өтті.

07.04.2021

Көрулер: 1777

 

Сәуірдің 7-ші жұлдызы күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасында «Халықаралық құқық» мамандығының 1 курс магистранты  Д.Н. Жалғастың және з.ғ.к., доцент А.Ж.Тусупованың ұйымдастыруыммен «Абай-дара, Абай-дана қазақта!» атты тәрбиелік іс-шара өтті. Жалпы іс -шараға «Халықаралық құқық» мамандығының 1 және 3 курс студенттері белсенді түрде қатысып, өз ойларын білдіріп, Абай атамыздың шығармашылығынан үзінділер келтірген болатын. Студенттерге арнайы видеоролик ұсынылып, тақырып пысықтап алынды. Шара барысында Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерімен таныс болды. Сонымен қатар Ұлы ақынның өмірі туралы А.Джаманбаева, Д. Серікқанова т.б. студенттер тоқталып өтіп, лирикалық табиғат жөнінде өлең шумақтарын Д. Өтегенова.    А. Абдулла оқып берді. Абайдың терең ой мен күрделі пікірге құралған, жақсы мен жаман туралы баяндайтын, халқын алға ұмтылуға шақыратын қара сөздерін 3 курс студенттері А.Аппазов, А.Базарбаев, О. Сейтқадыр еске түсіріп, мағынасын ашып берді. Тәрбиелік іс-шара соңында Ұлы Абайдың өміріне, шығармашылығына қатысты тексеру сұрақтары ұсынылды. Барлық қатысушы студенттер сұрақтарға дұрыс жауап беріп, өткен іс – шара туралы өз ойларын айтып, жақсы тілектерін білдірген болатын.