Дінтану мамандығының маңыздылығы және заманауи қоғамдағы рөлі

26.04.2021

Көрулер: 1891

Кездесу қонақтары:

Абдрахманов Сұлтан Мұрзахметұлы Туркия Республикасы Стамбұл қаласының Мармара университетінің докторанты

Абенова Алина Нұрланқызы Испания Кастилья-Ла-Манча университетінің магистранты

Мыңбай Назерке Нұрмаханбетқызы Алматы қ, Дін мәселелерін зерттеу орталығының мониторинг бөлімінің басшысы

Касимов Мақсат Азаматұлы БҚО дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы маманы 

Кездесу барысында, студенттер Қазақстан мен Түркия елінің дінтанулық білім беру жүйесінің айырмашылығы мен ұқсастығын жан-жақты талқылап, Түркия еліндегі діни ахуалдың көріністерін қарастырып, ашық сұхбат өткізді. Сонымен қоса, студенттерге мониторинг бөлімінің басшысы Назерке Нұрмаханбетқызы дінтанушы мамандардың заманауи қоғамда елдің тұтастығын сақтауда маңызды орын алатынын жеткізді және дінтанушы маман Мақсат Азаматұлы қазіргі таңда дінтану мамандығының өте қажет мамандық екенің айтып, Қазақстан қоғамының түрлі этностық, конфессиялық сипатын ескере отырып, соған қоса ұлттық діни мұраны сақтап қалатындай қазіргі зайырлы қоғамға, заман талабына сай дінтану пәнін оқыту, дінтанушы мамандар аса қажет және бұл тақырып қашан да өзекті болып қала бермектігін мәлімдеді. Конференция соңында студенттер өздерінің арнайы сұрақтарын қойып, тың ақпараттармен хабардар болды.

Ұйымдастырушылар ұжымы: Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының филос.ғ.к., аға оқытушы Ж.У. Кантарбаева мен Ph.D., аға оқутушы Н. Мұқан және «Конфликтологиядағы діни бірегейлік» мамандығының 1 курс магистранттары Д.Т. Дүйсенбі мен С.С. Қойшыбаева