Жаңалықтар

Мәдени туризм және пандемия

20.04.2021

2021 жылдың 20 сәуір күні сағат 13.00–де «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында «Философия және саясаттану» факультеті, «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы, «Мәдениеттану» мамандығының 1 курс магистранттары және аға оқытушы Шаңбаева Арайлым Нұрдығұлқызының ұйымдастыруымен «Мәдени туризм және пандемия» атты Халықаралық деңгейдегі жастар арасында дөңгелек үстел өтті. 

Ары қарай оқу >>

Онлайн-вебинар

16.04.2021

16 сәуірде Философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасы PhD докторанты А. Сариеваның педагогикалық практикасы мен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында WE | Talks онлайн-вебинары ұйымдастырылды. Онлайн кездесу барысында ғылым және инновация, әлеуметтік, сондай-ақ кәсіпкерлік салада жастарға берілген мүмкіндіктер талқыланды.

 

Ары қарай оқу >>

Мемлекеттік жастар саясаты: жастармен жұмыс жасаудың мәселелері мен заманауи технологиялары

13.04.2021

2021 жылдың 13 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің студенттері мен жас ғалымдары РФ Бірінші Президенті Б.Ельцин атындағы Урал федералдық университетінде онлайн форматта өткен «Мемлекеттік жастар саясаты: жастармен жұмыс жасаудың мәселелері мен заманауи технологиялары» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясына қатысты.

Ары қарай оқу >>

“Qadam” психологиялық-әлеуметтік жобасы

12.04.2021

“Философия және саясаттану факультеті”, “Жалпы және қолданбалы психология” кафедрасының 2 курс студенттері Кәрімбай А., Құрманәлі Ә., Молбаева А., Садыркул Н., 3 курс студенттері Оразымбетова Қ., Ракымжан А., психология ғылымдарының докторы, профессор Бердібаева Света Қыдырбековнаның жетекшілігімен “Qadam” психологиялық-әлеуметтік жобасын бастады. Жобаның басты мақсаты танымдық процестерінде ақауы бар “ерекше” (табиғатынан кеміс туылған, аутизм, дцп) балаларға және ата-аналарына психологиялық-әлеуметтік тұрғыдан көмектесу.

Ары қарай оқу >>

Жыр алыбы – Жамбыл: аңыз және ақиқат

10.04.2021

«Философия және саясаттану» факультеті, «Философия» кафедрасы «Кіші Фараби» академиясының ұйымдастыруымен 2021 жылы сәуір айының 10 күні сағат 15:00-де Жамбыл Жабаевтың 175-жылдығына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл: аңыз және ақиқат» атты ашық форматта вебинар өтті.

 

Ары қарай оқу >>

"Студенттік көктем - 2021" көркемөнерпаздар байқауы

03.04.2021

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласындағы Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасына сәйкес, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Студенттік көктем-2021» көркемөнерпаздар байқауы онлайн форматта ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

«Қазақ отбасының психологиялық ерекшеліктері» веб-семинар

29.03.2021

2021 жылы 29 наурызда Сент-Климент Охридски атындағы София университетінің студенттері және оқытушыларымен веб-семинар өткізілді (София, Болгария). Кездесудің тақырыбы: «Қазақ отбасының психологиялық ерекшеліктері», психология ғылымдарының кандидаты, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ отбасылық құндылықтарды зерттеу орталығының директоры, Кабакова Майра Победовнаның монографиялық зерттеулеріне негізделген.

Ары қарай оқу >>

ЖОО-да «Исламтану» мамандарын дайындаудың өзекті мәселелері

27.03.2021

Ағымдағы жылдың 27 наурыз күні сағат 14.00-де (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қайырымды қоғам азаматтарын қалыптастыру» инновациялық жобасы аясында «ЖОО-да «Исламтану» мамандарын дайындаудың өзекті мәселелері» атты онлайн форматта халықаралық конференция өткізілді.

Ары қарай оқу >>

«Көңілді көктем»

26.03.2021

Ағымдағы жылдың наурыз айында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті аясында Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының ұстаздарының қатысуымен «Көңілді көктем»атты мерекелік құттықтау іс-шаралары өткізілді. 

Ары қарай оқу >>

«Рухани жаңғыру» аясында өткен ашық сабақ

20.03.2021

20.03.2021 жылы Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы өндірістік практика жетекшісі Әскенұлы Елнұр, аға оқытушысы Әлжанова Нұрлыхан Қожабергенқызы және «дінтану» мамандығының 4 курс студенті Мұхаметханова Гүлмираның ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Zoom» платформасы арқылы Ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай шығармашылығымен танысу барысында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақ барысында әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» атты еңбегі талқыланды.

Ары қарай оқу >>