Түлектер күні – 2021

29.05.2021

Көрулер: 1677

Кездесу Қазақ ұлттық университетінің ректоры Қансейіт Жансейітұлы Түймебаев және ҚР Конституциялық Кеңесінің Төрағасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының президенті, з.ғ.д., профессор Мәми Қайрат Әбдразақұлы құттықтауларымен басталды.

Кездесуде философия ғылымдарының докторы, профессор Ғабитов Тұрсын Ғабитұлы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Нүкенов Абзал Нүкенұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы, ҚР білім және ғылым Министрлігінің сарапшысы Ақылбек Мәди, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының түлегі Татьяна Пуриц, факультеттің 2021 жылғы түлегі Бақытова Аяулым және басқа да түлектер өз тілектерін айтты.

Факультет түлектері өздерінің жетістіктерімен бөлісті, алған білімдері олардың кәсіби қызметіне қалай көмектесетіні туралы айтып берді.

Философия және саясаттану факультеті барлық түлектерге факультетті қолдағандары және ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.

Кездесу ҚазҰУ түлектерінің дәстүрлі «Армандастар – Құрдастар» әнімен аяқталды.