Жаңалықтар

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нің Исламдық қаржы орталығы "Best Emerging Islamic Finance Education Provider 2020" номинациясында жеңіске жетті

14.09.2020

2020 жылдың 14 қыркүйегінде исламдық банк пен қаржы индустриясының дамуына және кеңеюіне қосқан үлесі мен жетістіктері үшін үздік мекемелер мен жеке тұлғаларға Global Islamic Finance Awards 2020 номинацияларын 10-шы марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау рәсімі Пәкістан Ислам Республикасының Исламабад қаласында өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Исламдық қаржы ғылыми-білім беру орталығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ислам қаржысы саласындағы озық тәжірибені дамытуға қосқан үлесін ескере отырып, Best Emerging Islamic Finance Education Provider 2020 сыйлығы номинациясының жеңімпазы ретінде марапатталды.

Ары қарай оқу >>

ЭжБЖМ-де Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған онлайн дөңгелек үстел өткізілді

03.09.2020

3 қыркүйек 2020 жылы Экономика және бизнес жоғары мектебінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» Жолдауын талқылауға арналған онлайн дөңгелек үстел өткізілді. Факультеттің жетекші ғалымдары мен оқытушылары Жолдаудың бірнеше бағыттарын, атап айтқанда, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау, бюджеттік саясат, ақша-несие саясаты, кәсіпкерлікті қолдау, ғылым мен білім мәселесі, логистикалық жүйелер және тағы да басқа тақырыптарында баяндама жасады.

Ары қарай оқу >>

ЭжБЖМ деканының 1 курс студенттерімен онлайн-кездесуі өтті

01.09.2020

1.09.2020 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебі деканының 1-курс студенттерімен онлайн кездесуі өтті. Э.ғ.д., профессор м.а. Сагиева Римма Қалымбекқызы студенттерге факультет өмірі жайлы, оның құрылымы мен негізгі жұмыс бағыттары туралы баяндама жасады. Деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Бимендиева Лейла Абдрашевна мен ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Жидебекқызы Ақнұр да кездесу барысында сөз алды.

Ары қарай оқу >>

ЭжБЖМ деканының 1-курс студенттерімен онлайн кездесуі

29.08.2020

Құрметті 1-курс студенттері!  Сіздерді 1-қыркүйек күні болатын Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы, э.ғ.д., профессор м.а. Сағиева Римма Қалымбекқызымен онлайн кездесуге шақырамыз! Кездесу Zoom платформасында өтеді.

Ары қарай оқу >>

Экономика және бизнес жоғары мектебіндегі Түлектер Қауымдастығы Кеңесінің Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай ұйымдастырылған онлайн режимдегі отырысы

30.05.2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай Түлектер қауымдастығы Кеңесінің жыл сайынғы дәстүрлі отырысын 2020 жылдың 30 мамырында сағат 12.00-де онлайн режимінде өткізді. Әр түрлі жылдардағы Экономика және бизнес жоғары мектебінің түлектері, қазіргі таңдағы мемлекеттік құрылымдар, ғылыми қоғам, бизнес-қауымдастық, Қазақстан, алыс және жақын шетелдерден келген серіктес жо-ғары оқу орындарының өкілдері, ЭжБЖМ оқытушылары мен студенттері Zoom платформасында Түлектер күніне белсенді қатысты.

Ары қарай оқу >>

Ағылшын тіліндегі докторлық диссертацияны қорғау мәжілісі өтті

28.05.2020

28 мамыр 2020 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес жоғары мектебі жанындағы диссертациялық кеңес мәжілісінде «6D051800 – Жобаларды басқару» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Қожахметова Әсел Көшербайқызының «Жобалық менеджменттің халықаралық стандарттары негізінде Қазақстан Республикасындағы жоғары технологиялық жобалардың сәттілігін бағалау» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтті.

Ары қарай оқу >>

Онлайн форматтағы докторлық диссертацияны қорғау мәжілісі

27.05.2020

27 мамыр 2020 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес жоғары мектебі жанындағы диссертациялық кеңес мәжілісінде «6D050600 – Экономика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Бектұрғанова Мақпал Сәттіқұлқызының «Қазақстанның мұнай-газ секторында төменкөміртекті дамуға көшудің басымдықтары және экономикалық тетіктері» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтті.

Ары қарай оқу >>

2020 жылдың 26 ​​мамырында ТМД елдерінің ұлттық экономикаларына COVID-19 пандемиясының әсеріне арналған Достастық университеттерінің қатысуымен халықаралық бейнеконференция өтеді

24.05.2020

ТМД университеттерінің халықаралық бейнеконференциясына 9 елдің жетекші университеттері қатысады: Ташкент мемлекеттік шығыстану университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институты, Беларусь мемлекеттік университеті, Баку мемлекеттік университеті, Ереван мемлекеттік университеті, Молдавия мемлекеттік университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тәжік ұлттық университеті, Ош мемлекеттік университеті.

Ары қарай оқу >>

Scopus базасындағы «күмәнді» және «жыртқыш» журналдарды анықтауға арналған вебинар

13.05.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес жоғары мектебі деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, PhD Жидебекқызы Ақнұр факультеттегі оқытушылар мен докторанттарға арнап Scopus базасындағы «күмәнді» және «жыртқыш» журналдарды анықтауға бағытталған 2 вебинар өткізді. Вебинар барысында халықаралық Scopus және Web of Science базаларындағы журналдардың типтері, «жыртқыш» және «күмәнді» журналдардың белгілері мен оларды анықтау критерилері, нақты мысалдар мен сараптау құралдары көрсетілді.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі А.Н. Тургинбаева Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған «Еске алу көпірі» акциясына қатысты

09.05.2020

2020 жылдың 9 мамырында экономика ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Менеджмент" кафедрасының меңгерушісі А.Н. Тургинбаева Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Еске алу көпірлері» акциясына қатысты. Іс-шараны БелМУ ҒЗУ-нің "Әлеуметтік технологиялар және мемлекеттік қызмет" кафедрасы мен «Шекаралық ынтымақтастық және интеграция институты» автономды коммерциялық емес ұйымымен бірлесіп ұйымдастырды. Ұлы Отан соғысы батырларын еске алуға Ресей, Беларусь, Қазақстан, Молдавия, Болгария және Қырғызстаннан келген әріптестер шақырылды. Акцияға барлығы 60-қа жуық қатысушы қатысып, ZOOM бейнеконференция платформасында өткізілді.

Ары қарай оқу >>