ЭжБЖМ деканының 1 курс студенттерімен онлайн-кездесуі өтті

01.09.2020

Көрулер: 1674

 

1.09.2020 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебі деканының 1-курс студенттерімен онлайн кездесуі өтті. Э.ғ.д., профессор м.а. Сагиева Римма Қалымбекқызы студенттерге факультет өмірі жайлы, оның құрылымы мен негізгі жұмыс бағыттары туралы баяндама жасады. Деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Бимендиева Лейла Абдрашевна мен ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Жидебекқызы Ақнұр да кездесу барысында сөз алды.

 

Сондай-ақ, студенттерге  «Болашаққа ұмтылған университет» және «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-жемқорлықтан тыс университет» видеолары көрсетілді. Оқу-ісі жөніндегі негізгі ережелер түсіндірілді.

 

Барлық 1-курс студенттеріне оқуда табыс тілейміз! Қош келдіңіздер! 

 

ВШЭБ - 1 09 2020.pdf

Минипрограмма встречи с первокурсниками.docx