Ағылшын тіліндегі докторлық диссертацияны қорғау мәжілісі өтті

28.05.2020

Көрулер: 2116

 

28 мамыр 2020 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес жоғары мектебі жанындағы диссертациялық кеңес мәжілісінде «6D051800 – Жобаларды басқару» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Қожахметова Әсел Көшербайқызының «Жобалық менеджменттің халықаралық стандарттары негізінде Қазақстан Республикасындағы жоғары технологиялық жобалардың сәттілігін бағалау» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтті.

 

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Менеджмент кафедрасында орындалған. Диссертациялық кеңес мәжілісінде 14 кеңес мүшесі қатысты, оның арасында шетелдік ғалым – Новосибирск мемлекеттік университеті мен Алтай мемлекеттік университетінің профессоры, э.ғ.д., PhD Дубина И.Н. да бар. Бұл диссертациялық жұмыс ағылшын тілінде жазылған және мамандар тарапынан өте жоғары бағаға ие болды.

 

*ҚазҰУ ЭжБЖМ жанындағы диссертациялық кеңес «6D050600 - Экономика», «6D051300 – Әлемдік экономика», «6D051700 - Инновациялық менеджмент», «6D090900 - Логистика», «6D051800 – Жобаларды басқару», «6D051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтар тобы бойынша жұмыстарды қарастырады.