Экономика және бизнес жоғары мектебіндегі Түлектер Қауымдастығы Кеңесінің Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай ұйымдастырылған онлайн режимдегі отырысы

30.05.2020

Көрулер: 1832

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай Түлектер қауымдастығы Кеңесінің жыл сайынғы дәстүрлі отырысын 2020 жылдың 30 мамырында сағат 12.00-де онлайн режимінде өткізді.

 

Әр түрлі жылдардағы Экономика және бизнес жоғары мектебінің түлектері, қазіргі таңдағы мемлекеттік құрылымдар, ғылыми қоғам, бизнес-қауымдастық, Қазақстан, алыс және жақын шетелдерден келген серіктес жо-ғары оқу орындарының өкілдері, ЭжБЖМ оқытушылары мен студенттері Zoom платформасында Түлектер күніне белсенді қатысты.

 

Түлектер қауымдастығы Кеңесінің мүшелерінің, ЭжБЖМ деканы э.ғ.д. доцент Римма Қалымбекқызы Сағиева және «Менеджмент» кафедрасының профессоры Жатканбаев Ержан Байғожаұлының құттықтау сөздерінен кейін қонақтар мен түлектер дәстүрлі түрде «Gaudeamus» студенттердің Халықаралық гимнін шырқады.

 

Видеосюжеттегі құттықтау сөзімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректоры академик Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Түлектер Қауымдастығының президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Әбдіразақұлы Мәми сөз сөйледі.

 

Құттықтау сөздерден кейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жетістіктері туралы «Университет - болашаққа ұмтылу» атты видеосюжет ұсынылды.

 

Түлектер қауымдастығы кеңесінің отырысы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер Қауымдастығының «Тәлімгерлік: барлығы үшін мүмкіндіктер» жобасы аясында ЭжБЖМ деканы Р.Қ. Сағиеваның факультет жетістіктерімен таныстыру презентациясымен жалғасты.

 

ЭжБЖМ-нің Түлектер Қауымдастығы Кеңесі кәсіби қоғамдастықтың дамуы үшін тәлімгерлік құндылықтарын арттыруға және экономист -түлектердің бірегей тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруға күш салады.

 

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің экономика факультетінің 1960 жылғы түлегі Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев құттықтау сөз сөйледі.

 

1985 жылғы түлек Мирманов Айбек пен Экономика және бизнес жоғары мектебінің Түлектер Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы Мұқаев Дәулет, сондай-ақ барлық белсенділік танытқан түлектер онлайн форматқа қосылды. Олар өздерінің студенттік жылдардағы естеліктерімен бөлісті, сонымен қатар студенттермен Экономика және бизнес жоғары мектебі мен кафедралары ұйымдастыратын іс-шаралар аясында ғана емес, сондай-ақ бейресми жұмыстар мен жеке кездесулер деңгейінде жалғасын тапса деген тілектерін білдірді.

 

Мерейтойлық жыл түлектерінің сөз сөйлеуінен кейін ЭжБЖМ-нің студенттері музыкалық құттықтау жасады.

 

Түлектер Қауымдастығы Кеңесінің отырысын ЭжБЖМ-нің деканы дәстүрге сай қорытындылады және іс-шара «Армандастар» әнін шырқаумен аяқталды.

 

Жыл сайынғы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өтетін Түлектер күні - бұл әдемі және қуатты дәстүрдің сыйы ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының жетекші университетінің ғылыми және шығармашылық интеллигенциясы ұрпақтарының арасындағы байланысты нығайтатын және университеттің үздік құндылықтарын таратуға ықпал ететін шара болды.