Жаңалықтар

ЭБЖМ деканының орынбасары Жидебекқызы А. жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері атанды

28.12.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінің ұжымы ЭжБЖМ деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары PhD Жидебекқызы Ақнұрды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия тағайындалуымен құттықтайды! Шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Ары қарай оқу >>

"Экономика" кафедрасының профессоры Мухамедиев Б.М. ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері атанды

28.12.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінің ұжымы экономика ғылымдарының докторы, "Экономика" кафедрасының профессоры Болат Минтайұлы Мұхамедиевті ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның берілуімен құттықтайды! Шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Ары қарай оқу >>

ЭБЖМ деканының магистранттар мен докторанттармен онлайн кездесуі

18.12.2020

Экономика және бизнес жоғары мектебі деканының магистранттар мен докторанттармен онлайн кездесуі өтті. Кездесуде э.ғ.д., профессор м.а. Сагиева Римма Қалымбекқызы ағымдағы оқу үдерісі, академиялық адалдық саясаты, алдағы қысқы сессия туралы кіріспе сөз сөйледі. Деканның орынбасарлары сессияны тапсыру бойынша ақпарат беріп, магистранттар мен докторанттар туралы ережелермен таныстырды. Емтихандарды тапсыру маңыздылығымен қатар ғылыми-зерттеу жұмысының аттестациясы, Scopus / Web of Science базаларында мақала жариялау қажеттігі атап өтілді.

Ары қарай оқу >>

ЭБЖМ ОӘТЖ жөніндегі деканының орынбасары Бимендиева Л.А. және профессор м.а. Баймуханова С.Б. әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нің "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды

15.12.2020

Құттықтаймыз! Экономика және бизнес жоғары мектебі деканының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Бимендиева Лейла Абдрашевна мен "Қаржы және есеп" кафедрасының профессор м.а., экономика ғылымдарының кандидаты Баймуханова Сария Баймухановна университетіміздің дамуына қосқан үлесі үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды!

Ары қарай оқу >>

ЭБЖМ Түлектері Ассоциациясының төрағасы Д.Т. Мұқаев "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды

14.12.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Экономика және бизнес Жоғары мектебінің ұжымы ЭБЖМ Түлектері Ассоциациясының төрағасы Мұқаев Дәулет Төлеутайұлын "Ерен еңбегі үшін" медалінің алуымен құттықтайды!

Ары қарай оқу >>

Үздік экономист» интеллектуалды ойыны

11.12.2020

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және Экономист күніне арналған іс-шаралар шеңберінде Экономика кафедрасының профессоры Даулиева Г.Р. «Экономика» мамандығының 3 курс студенттерімен бірге студенттерге арналған «Үздік экономист» интеллектуалды ойынын өткізді.

Ары қарай оқу >>

«Экономиканың бәсекеге қабілеттілігі: қиындықтар мен тенденциялар» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция

10.12.2020

Экономика кафедрасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және Экономист күніне арналған «Экономиканың бәсекеге қабілеттілігі: қиындықтар мен тенденциялар» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өткізді. Конференцияға Польшадан шақырылған шетелдік профессор, білім беру қауымдастықтарының өкілдері, оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.

Ары қарай оқу >>

«Логистика» мамандығы бойынша «ЛОГИСТИКА МЕН МАРКЕТИНГТЕГІ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» тақырыбында V Халықаралық студенттік сырттай олимпиада

09.12.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Бизнес-технологиялар» кафедрасы 2020 жылдың 1 мен 7 желтоқсан аралығында «Логистика» мамандығы бойынша «Логистика мен маркетингтегі цифрлық технологиялар» тақырыбында V халықаралық студенттік сырттай олимпиадасын өткізді. «Логистика» мамандығы бойынша Олимпиада екі кезеңде өткізілді. V Халықаралық студенттік сырттай олимпиадаға қатысушыларды тіркеу үшін ЖОО белгіленген нысан бойынша қатысушылардың өтінімін толтырып жіберді. Жіберілген жауаптардың нәтижелері бойынша ең көп балл жинаған командалар іріктелді.

Ары қарай оқу >>

«Маркетинг» мамандығы бойынша «ЛОГИСТИКА МЕН МАРКЕТИНГТЕГІ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» тақырыбында V Халықаралық сырттай студенттік олимпиада

09.12.2020

2020 жылдың 1-7 желтоқсанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЭжБЖМ "Бизнес технологиялар" кафедрасы "Маркетинг" мамандығы бойынша "Логистика мен маркетингтегі цифрлық технологиялар" тақырыбында V Халықаралық студенттік сырттай олимпиада өткізді. Халықаралық студенттік олимпиада екі кезеңде өткізілді. V Халықаралық студенттік сырттай олимпиадаға қатысушыларды тіркеу үшін ЖОО белгіленген нысан бойынша қатысушылардың өтінімін толтырды және жіберді. Олимпиадаға қатысу үшін Қазақстанның, Өзбекстанның 5 ЖОО-нан барлығы 8 өтінім берілді. Жіберілген жауаптардың нәтижелері бойынша ең көп балл жинаған мамандық бойынша командалар іріктелді.

Ары қарай оқу >>

ЭБЖМ «Бизнес технологиялар» кафедрасы «Smart Marketing and Logistics» орталығының ашылғандығы туралы хабарлайды

09.12.2020

Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Бизнес технологиялар» кафедрасы «Smart Marketing and Logistics» орталығының ашылғандығы туралы хабарлайды. Орталықтың қызметінің бағыты келесідей: оқу-ағарту қызметі, ғылыми мектептер мен пәнаралық курстар құру, консалтинг, сондай-ақ халықаралық гранттық конкурстарға қатысу.

Ары қарай оқу >>