2020 жылдың 26 ​​мамырында ТМД елдерінің ұлттық экономикаларына COVID-19 пандемиясының әсеріне арналған Достастық университеттерінің қатысуымен халықаралық бейнеконференция өтеді

24.05.2020

Көрулер: 2654

ТМД университеттерінің халықаралық бейнеконференциясына 9 елдің жетекші университеттері қатысады: Ташкент мемлекеттік шығыстану университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институты, Беларусь мемлекеттік университеті, Баку мемлекеттік университеті, Ереван мемлекеттік университеті, Молдавия мемлекеттік университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тәжік ұлттық университеті, Ош мемлекеттік университеті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың спикері ретінде экономика ғылымдарының докторы, "Экономика" кафедрасының профессоры Тулегенова М.С. қатысады.

COVID-19 ұлттық экономикалардың іскерлік белсенділігіне теріс әсер етеді және әлемдік нарықтағы шиеленісті арттырады. Болашақта ол кәсіпорындар, компаниялар жабылып, жұмыссыздар санының өсуі нәтижесінде әлемдік экономиканың өндірістік әлеуетін едәуір әлсіретуі мүмкін. Өз кезегінде, дамушы елдер, оның ішінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері де экономикалық қауіптің ерекше аймағында болуы мүмкін.

Осыған байланысты ТМД елдерінің коронавирустық инфекцияның жағымсыз салдарымен күрес саласындағы ынтымақтастығы үлкен маңызға ие. Бұл елдердің экономикалары бір-біріне өте тәуелді, олардың арасында тығыз кооперативті, инвестициялық және көші-қон байланыстары бар. Демек, ТМД елдері бірігіп бұрын-соңды болмаған қиындықтарды сәтті шеше алады. Жұмылдыру және бірлескен күш-жігерді тиімді іске асыру алға қойылған мақсаттарға жетелейді.