Экономика мен білім беруді цифрландыру: пандемия жағдайындағы жаңа технологиялар

27.11.2020

Көрулер: 1533

 

26-27 қараша 2020 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, ЭБЖМ "Бизнес технологиялар" кафедрасы Алтай мемлекеттік университетімен (Барнаул қ., Ресей), Қазақстан-Неміс университетімен (Алматы қ., Қазақстан), И.С. Тургенев атындағы Орлов мемлекеттік университетімен (Орел қ., Ресей) бірлесе отырып онлайн - форматта «Өңірдің экономикалық дамуы: басқару, инновациялар, кадрлар даярлау» Халықаралық экономикалық форумы шеңберінде «Экономика мен білім беруді цифрландыру: пандемия жағдайындағы жаңа технологиялар» тақырыбында халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өткізді.

 

Пленарлық мәжілісте ҚазҰУ атынан ЭБЖМ деканы э.ғ. д., профессор Сағиева Р.К. сөз сөйледі, содан кейін конференция секция жұмысымен жалғасты. Конференцияға жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттар мен ғылыми қауымдастық қатысты.

 

Халықаралық конференцияның мақсаты коронавирустық пандемия сияқты сыртқы жаһандық сын-қатерлерді ескере отырып, экономика мен білім берудің қазіргі жағдайын талдау болып табылады. Халықаралық конференция пандемия жағдайында SMART технологиялардың экономикалық және білім беру процестеріне әсерін белсенді талқылаумен таныстыру және пікірталас түрінде өтті.

 

Үздік баяндамалардың материалдары конференция қорытындылары бойынша (ISSN 2542-0690) e-library платформасында ұсынылған жинақтарда және РҒДИ-да индекстеу арқылы жарияланатын болады.