ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОО АЛҒАШ РЕТ THE WUR BY SUBJECT РЕЙТИНГІНЕ КІРДІ

28.10.2020

Көрулер: 1505

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Times Higher Education World University Rankings by Subject 2021» пәндік рейтингісінің қорытындысы бойынша ғылыми көрсеткіштерін жақсартып, бірқатар мамандықтар бойынша позициясын күшейтті.


THE WUR by Subject-те 11 пән бойынша әлемнің 1500-ден астам үздік университеттері зерделенді. Жаһандық рейтинг әдіснамасы көрсеткіштердің бес тобына біріктірілген және жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу қызметінің түйінді салаларын көрсететін 13 басты индикатор негізінде жасалады. Рейтингті құруға арналған мағлұматтар үш дереккөзден жиналады, олар: статистикалық ақпарат, Scopus библиометрикалық базасы және академиялық сарапшылардан сұрау.

 

Өткен жылмен салыстырғанда қазақстандық жетекші университет өз көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты және THE WUR by Subjec позициясын нығайтты. Рейтингте ҚазҰУ-дың бизнес және экономика саласындағы мамандықтары (501-600), инженерия (601-800), физикалық ғылымдар (801-1000) сондай-ақ, әлеуметтік ғылымдар (601+) бойынша мамандықтар аталды.

 

ҚазҰУ 2020 жылы QS жаһандық рейтингісінің нәтижелері бойынша алдыңғы қатарлы университеттер тізімінде 165-ші орынға ие болып, әлемнің үздік 200 ЖОО-ның қатарына енгенін атап өткен жөн. ТМД елдерінен бұл топқа тек Ломоносов атындағы ММУ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ енді. Зерттеу университетіне айнала отырып, жетекші қазақстандық ЖОО басқа да әлемдік деңгейде мойындалған рейтингтерде серпінді ілгерілеуді жалғастыруда.

 

Осы жетістікке байланысты экономика және бизнес Жоғары мектебінің ұжымын экономика және бизнес бағыты бойынша "Times Higher Education World University Rankings by Subject 2021" рейтингінің 500+ тобына кіруімен құттықтаймыз!

 

Дереккөз: https://www.kaznu.kz/kz/3/news/one/20770/