Пандемиядан (COVID-19) туындаған шарттарда ұйымдар мен елдердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің қазіргі жағдайы

14.11.2020

Көрулер: 1701

 

Экономика және бизнес жоғары мектебінің "Қаржы және есеп" кафедрасы 2020 жылғы 14 қарашасында "Пандемиядан (COVID-19) туындаған шарттарда ұйымдар мен елдердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің қазіргі жағдайы" тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференциясын өткізді.

 

Аталған іс-шараны ұйымдастыру Ұлттық валюта Теңге күнін мерекелеуге орайластырылды және еліміздің жас ғалымдарының ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ халықаралық деңгейде академиялық құрылымдар мен бизнес-қоғамдастық арасында тиімді пікір және озық идеялармен алмасу мақсаттары бар.

 

Конференцияға қатысуға жергілікті және шетелдік академиялық топтардың ғалымдары, сондай-ақ бизнес өкілдері-мамандар шақырылды. Талқылауға спикерлер дағдарысқа қарсы және санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қамтамасыз ету қажеттілігі жағдайында пандемияның (COVID-19) экономиканың жұмыс істеуі мен оның тұрақтылығының барлық аспектілеріне әсері мәселелерін шешудің қолданыстағы бизнес-кейстерін ұсынды.

 

Конференцияға келесі спикерлер қатысты:

"COVID-19 эпидемиясы жағдайында экономиканың нақты секторының ағымдағы жағдайы және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің мемлекеттік шаралары" секциясы бойынша":

  • Fiscal implications of the pandemic in Europe - Petr Hajek, Ph.D., Еуропалық қолданбалы ғылымдар және менеджмент институтының ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, Чех Республикасы
  • Impacts of Covid-19 pandemic on higher education - Андекина Регина Эрнстовна, Ph.D., доцент, Тұран Университеті-Астана
  • Covid-19 пандемиясындағы сән индустриясы: сын-қатерлер мен өзгерістер - Епанчинцева Светлана Эдуардовна, PhD докторы, сениор-лектор, Алматы технологиялық университеті
  • ҚР Білім беру жүйесіндегі пандемияның әлеуметтік-экономикалық салдары - Жанабаева Гульнара Нуртасовна, әлеуметтік-тәрбие жұмысы және азаматтық даму басқармасының бас маманы. Д. Серікбаева
  • Financial stability of the air-transportation business related to the pandemic Covid 19: the case of ‘Air Astana’ JSC - Сәдуақасова Камилла Ғабитқызы және Сабидуллина Әдемі Еркінқызы, "Қаржы" мамандығының 1 курс докторанттары.

 

"Пандемия жағдайында Қазақстанның қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері " секциясы бойынша:

  • Пандемия жағдайындағы сақтандыру индустриясы: жаңа сын-қатерлер мен мүмкіндіктер - Филимонова Елена Анатольевна, э.ғ.д., ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті директорының орынбасары,
  • Текущее состояние банковского сектора Казахстана: тенденции и перспективы - Касенова Гульмира Есеновна, э.ғ.к., "Қаржы және есеп" кафедрасының доценті м.а.,
  • Қазақстанның банк секторының ағымдағы жағдайы: үрдістер мен перспективалар - Байтоков Марат Уахитович, ҚР Банктер қауымдастығының бірінші вице-президенті, атқару комитетінің төрағасы, т.ғ.к., банк ісінің магистрі,
  • Екінші деңгейдегі банктердің әлемдік пандемия жағдайында бизнес-процесті реттеу және тұрақтандыру жөнінде қабылдаған шаралары - Мұратұлы Бексұлтан, "Банк Центркредит" АҚ қаржылық тәуекелдер басқармасының бас маманы»
  • Key notes on impacts of COVID-19 on Kazakhstani banking sector - Арифиоглу Абдуррахман Зеки және Біржанова Айгерим Біржанқызы, "Қаржы" мамандығының 1 курс докторанттары»

 

Ұйымдастыру комитеті:

  • Экономика және бизнес жоғары мектебінің "Қаржы және есеп" кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы: Сырлыбаева Н. Ш., Абишева Д. Д., Жунисова Г. Е., Нурмухан А. К., Кыздарбекова А.С:,
  • сонымен қатар аталмыш кафедрада тәлім алушы "Қаржы" мамандығының 1 курс докторанттары.

 

Конференция барысының бейне-басылымы келесі сілтеме арқылы қолжетімді: https://youtu.be/lKZpvUvo7-0