«Теңге – Тәуелсіздіктің символы» атты ашық кураторлық сағаты

16.11.2020

Көрулер: 1798

 

Бүгін 16 қараша күні сағат 18:00-де Қаржы мамандығының 2 курс студенттері Ф19К1 тобының (Куратор: Жорабаева Ж.К.) ұйымдастыруымен Қаржыгерлер күніне орай "Теңге – Тәуелсіздік символы" атты ашық кураторлық сағат өткізілді.

 

Ұлттық теңге – егемендігіміздің айрықша белгісі, төл теңгеміз, ұлттық валютамыз, ұлттық ақша бірлігі, ұлттық мақтанышымыз, заңды төлем құралы, асыл қазынамыз, еліміздің даму көзі, ұлттық табыс кепілі, тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді, ұлттық құндылығымыз.


Аталған іс-шараға қонақ ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЭжБЖМ «Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушылары, 4 курс студенттері қатысты.

 

Мерекелік іс-шарамыздың барысында домбырамен қазақтың әсем күйі тартылып, теңге жайында қызықты мәліметтер айтылды. Сонымен қатар сөзжұмбақ пен сұрақ- жауап айдары орын алып, теңгенің дизайны жайында бейне жазба көрсетілді.

 

Ұйымдастырушылар:

  1. Жорабаева Ж.К.
  2. Нурмаганбетова А.Ж.
  3. Сырлыбаева Н.Ш.
  4. Алиева Б.М.
  5. Акимбаева К.Т.