Жаңалықтар

Қаламы қарымды қаламгер

31.01.2022

   Темірғали Көпбаев – арқалы ақын, жампоз журналист-жазушы, зейінді де зерделі зерттеуші, ұлағатты ұстаз, білімді де білікті баспагер, елімізге белгілі қоғам қайраткері. Қаламы қарымды қаламгердің ғұмырнамалық һәм шығармашылық жолы кейіпкеріміздің жоғарыда біз айтқан қырларын қолдап-қуаттай түседі.

Ары қарай оқу >>

Жастар бағдарламаларының эволюциясы

22.12.2021

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық форумы барысында Қазақстан жастарына арнап сөйлеген бір сөзінде: «Жастар – қоғамның ең белсенді және ұтқыр бөлігі. Қазақстандағы өскелең ұрпаққа ерекше үміт артады. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жастарды жан-жақты қолдау мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі болып табылады. Осы 30 жыл ішінде біз Отан тағдыры үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын жаңа формацияны тәрбиелей алдық. Олар жігерлі және білімді, физикалық және кәсіби дайын, мобильді, біздің заманның өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдайларына көбірек бейімделген», – деген болатын.

Мемлекеттің салиқалы жастар саясатының арқасында көптеген қазақстандық жастар өмірден өз жолдарын тауып, үлкен өмірлік тәжірибе алды. Қазақстан Тәуелсіздігінің мейрамы қарсаңында осы 30 жыл ішінде елімізде озық ойлы, білімді жастардың тұтас бір буыны қалыптасып, өсіп-өнгенін айта кету керек.

Кез келген елдің бәсекеге қабілеттілігі адами капиталдың сапасымен өлшенеді. Өйткені, ақылды, парасатты, білімді де білікті жастары бар мемлекеттің қашанда мүмкіндіктері зор. Осыған орай, мемлекет тарапынан әлеуметтік лифттердің кең алаңын құруға, оның ішінде жастардың барлық санаттарын қолдау шараларына үлкен күш жұмсалуда. Бірқатар жастар бағдарламалары – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы, «Серпін» бағдарламасы, «Дипломмен ауылға» жобасы, «Жастар тәжірибесі» жобасы, «Жасыл ел» жобасы және т.б. жастарды қолдауды, жастарға мүмкіндік жасаудың бір шарттары деп айтуға болады.

Ары қарай оқу >>

«Тәуелсіздігім – тірегім, мәңгілігіңді тіледім!»

14.12.2021

Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәл осындай тақырыппен республикалық көрме өтті. Журналистика факультетінің «Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасы ұйымдастырған аталмыш шараға студенттер мен магистранттар қатысты.

Көрменің мақсаты – тәуелсіз еліміздің отыз жыл ішінде фотосуреттерде мәңгілікке қалған және шығармашылық плакаттар арқылы берілген мемлекеттік, қоғамдық, саяси, мәдени-рухани маңызы бар оқиғалар мен сәттерді жұртшылық назарына ұсыну, қазіргі дизайнер саласы өкілдерінің көзқарастарын жеткізу, жас ұрпақ бойында патриоттық сезімді ояту.

Ары қарай оқу >>

ТӘЛІМГЕР – ҰСТАЗ ЖАҒАТЫН ШЫРАҚ!

14.12.2021

   Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби кітапханасында, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті залында көптен күткен жаңа дилогия – танымал қазақстандық жазушы және кинодраматург Нұрлан Санжардың «Күтпеген қонақ – Жошы» және «Бату - Хан» кітаптарының тұсаукесері өтті. Тұсаукесер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Кинемотографистері одағының мүшесі, кино және ТВ редакторы, бірқатар танымал әрі сүйікті фильмдер сценарийлерінің авторы Нұрлан Санжардың 70 жылдығына арналған болатын.

Ары қарай оқу >>

ӘЛ-ФАРАБИ әлеміндегі сөз өнерінің бәйгесі

13.12.2021

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Баспасөз және электронды БАҚ және профессор Марат Барманқұлов атындағы «ТЕЛЕЗЕРТХАНА» ғылыми-өндірістік үйірмесінің ұйымдастыруымен өтетін «СӨЙЛЕ, ҚАЗАҚСТАН!» болашақ  телерадиосөзгерлердің  дәстүрлі төртінші байқауы Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Қазақ» радиосының 100 жылдығына арналды. «ТӘУЕЛСІЗДІК ТӘЛІМІ», «ҒАСЫР ҮНІНІҢ ҒИБРАТЫ», «ТЕЛЕШЕЖІРЕ» «СӨЙЛЕ, ҚАЗАҚСТАН!» аталымдары бойынша оқулық телевизия аясындағы 8 салалық арна сайысқа түсті.
Байқау 11.12.2021  күні журналистика факультетіндегі Нұртілеу Иманғалиұлы   атындағы аудиторияда өтті.

Ары қарай оқу >>

«QAZAQ RADIOSY» АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ

13.12.2021

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінде Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақ радиосының 100 жылдығына орай «ҚАЗАҚ РАДИОСЫ» ҒАСЫР ШЕЖІРЕСІ: ТАРИХЫ, ДАМУЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ» атты шеберлік сыныбының апталығы өтті. Апталық барысында Қазақ радиосының тарихынан сыр шертетін «Қазақтың рухани тірегі – Қазақ радиосы», «Ұлттың үкілі үні» атты кітап көрмесі мен фотокөрме таныстырылымы өтті.

Ары қарай оқу >>

Дарынды жастарды қолдау - қоғамның табысты дамуының кепілі

03.12.2021

  Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ) қабырғасында "Ауғанстандағы тұрақсыздық – Орталық Азия үшін шешу жолдары" тақырыбындағы мақалалар байқауының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Ары қарай оқу >>

Қаржылық коммуникациялардағы навигация

26.11.2021

   «Халықаралық экономикалық сауаттылық орталығы» қорының негізін қалаушы, медиасарапшы және PR-кеңесші Гүлмира Арбабаева халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс саласындағы студенттермен, магистранттармен және докторанттармен кездесу ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының дәстүрлі шеберлік сыныптарын жалғастырды. 

Ары қарай оқу >>

Бигелді Ғабдуллинмен кездесу өтті

18.11.2021

   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы Қазақ ПЕН-клубының президенті, публицист Бигелді Ғабдуллинмен кездесу өткізді. Басқосуға оқу орнының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Ары қарай оқу >>

Ас – адамның арқауы

04.11.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – еліміздің ең үздік оқу орны. Бүгінде білім ошағында студенттер үшін барлық жағдай жасалған. Соның ішінде университетте оқу, медицина, заң, қаржы және мәдени, ойын-сауық қызметтерін көрсететін студенттерге арналған «Керемет» жастар ресурстық орталығы бар. 

Ары қарай оқу >>