Студенттік өмір

Журналистика факультетінің тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысының мақсаты: белсенді өмір ұстанымын қалыптастыруға бағытталған адамгершілік құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қасиетін қалыптастыру және дамыту

Тәрбие жұмысының негізгі міндеттері:

  • · Студентерде жеке тұлға аралық қатынастарды, төзімділікті, өзін-өзі дамыту дағдысын қалыптастыру және олардың шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту;
  • · Студенттердің физикалық, интеллектуалдық, адамгершілік және рухани дамуы үшін жағдай жасау;
  • · Жалпы студент мәдениетін ұлттық мәдениет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр арқылы дамыту

Осы міндеттер негізінде журналистика факультетінде үнемі мәдени-бұқаралық іс-шаралар: «Менің Елім» шығармашылық-патриоттық кеш, «Мен ҚазҰУ-дың студентімін» студенттер кеші, «Болашақтан – Болашаққа» атты 1-курс студенттерін студенттікке қабылдау кеші, «Ақ қауырсын» студенттер арасында жылда өтетін фестиваль, «Шебер журналист», «Журналист жолы» атты студенттер арасындағы байқаулар және т.б. мәдениет, қоғам, ғылым қайраткерлерімен кездесулер өткізіледі.