Жаңалықтар

«Spartan Newsroom» тілшісінің бір күні

07.03.2020

АҚШ-тағы Мичиган штаты университеті журналистика мектебінің магистранты, студенттік "Spartan Newsroom" ақпараттық порталы тілшісі, informburo.kz зерттеуші тілшісі Жолдас Өрісбай Сакенұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде журналистика факультетінің студенттеріне онлайн режимде шеберлік сағаттарын өткізді.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық журналистика апталығы

05.03.2020

ҚазҰУ-да халықаралық балалар теледидары мен радио хабарларын тарату күніне арналған «Халықаралық журналистика апталығы» өтуде. үкіл әлем 1 наурыздан бастап телеарналар балалар контенті бойынша хабар тарату торын қайта құруда және кішкентай көрермендер мен жастарға арнайы бағдарламалар арнауда. Қоғам назарын балалар мен жастардың құқықтарын қорғауға, жасөспірім аудиториясының білімі мен құзыреттілігін арттыруға арналып отыр. Осы ретте қоғамдық құндылықтар мен басымдықтарға қызмет етуді үйренуде БАҚ-тың тизізер көмегі көп.

Ары қарай оқу >>

Бесінші жатақханадан он бесіншіге саяхат

29.02.2020

Жас жазушы. Журналист. Республикалық "Хабар", "Қазақстан", "Алматы" телеарналарында, "Айқын" газетінде, Informburo.kz порталында жұмыс істеген. Бірқатар көркем әңгімелердің авторы АбайАймағамбетпен кездесу кеші өтті. "Бесінші жатақханадан он бесіншіге саяхат" кездесу кешінің қонағы «Бесінші жатақхана» кітабының авторы.

Ары қарай оқу >>

Оқушыларға арналған журналистика курсы

28.02.2020

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы оқушыларға арналған үшкүндік журналистика курсын өткізді. Абай атындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын республикалық  мектеп-интернат оқушыларына Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы ұйымдастырған курс бірнеше саланы қамтыды. 

Ары қарай оқу >>

«Қазақ радиолары» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

22.02.2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «Қазақ радиолары» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов және «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры Ернұр Көшерханұлы Бурахан, «Қазақ радиолары» ЖШС продюсері Мұхамедияр Рашай, «Qazaq radiosy» Алматы студиясының жетекшісі   Бақыт Жағыпарұлы Құтпанбев, журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубек, ҚазҰУ ТРК директоры Д.М. Мұхамеджанов, кафедра меңгерушілері Г.С.Сұлтанбаева, А.Ә. Рамазанова, Н.Т.Шыңғысова, «Әл-Фараби» радиосының жетекшісі К. Кабылғазина қатысты.

Ары қарай оқу >>

Оқу үрдісінде жаңа ақпараттық және білім беру технологиялары

18.02.2020

ҚазҰУ-да журналистика факультетінде өткен 50-ші халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция аясында «Білім беруді цифрландыру жағдайында Әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи интерпретациясы» атты ғылыми методикалық конференциясында «Оқу үрдісінде жаңа ақпараттық және білім беру технологиялары» секциясы өтті.

Ары қарай оқу >>

Бүкіләлемдік радио күні және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы

17.02.2020

Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның бастамасымен 2020 жылғы 13-15 ақпанда Бүкіләлемдік радио күніне және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған VII Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі өтті. 

Ары қарай оқу >>

«Қазақ баспа ісі: өткені мен бүгіні»

13.11.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 85 жылдығына орай, журналистика факультеті баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен, «Ұлттық рух ұясы» атты рухани апталықтың аясында Т. Қожакеев атындағы №230 мәжіліс залында «Қазақ баспа ісі: өткені мен бүгіні» атты алқасөз отырысы өтті. Алқасөз барысында алғашқы қазақ баспасы саналатын «Қазмембастың» құрылғанына келер жылы 100 жыл толуына байланысты келелі мәселелер талқыланды. 

Ары қарай оқу >>

Жұмабек Кенжалин атындағы аудитория ашылды

13.11.2019

Қарымды қаламгер, білгір журналист, еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында ұзақ жылдар басшылық жасаған оқу ордамыздың ұстазы Жұмабек Кенжалинның есімі болашақ журналистерге кеңінен танымал. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен журналистика факультетінің құрылғанына 85 жыл толуына орай «Жұмабек Кенжалин–Журналист. Ғалым. Ұстаз. Қайраткер» атты алқасөз осы тақырыпқа арналды.

Ары қарай оқу >>