Жалпы мәліметтер

Халықаралық байланыс орнату – факультет тіршілігіндегі маңызды істердің бірі. Журналистика факультетінің оқытушылары мен ғалымдары АҚШ-та, Германияда, Швецияда, Австрияда, Болгарияда, Түркияда, Қытайда және басқа да елдерде өтетін семинарлар мен конференцияларға қатысады. USIA-мен тығыз байланыс нәтижесінде Оклахома мемлекеттік университетімен (АҚШ) өте жақсы қарым-қатынас орнатылған. Пенсильвания мемлекеттік университетімен және басқа шетелдік университеттермен білім-ғылым саласындағы іскерлік байланыстар жанданып келеді. Тәжірибе шыңдау мақсатында оқытушылар мен студенттер алмастырылуда. Факультетте 19 шетелдік студент білім алып шықты.
Факультет БҰҰ, ОБСЕ секілді халықаралық ұйымдардың Қазақстандағы өкілдіктерімен, Сорос-Қазақстан қорымен, Еуразия, Айрекс, Фулбрайт қорының өңірлік өкілдіктерімен, Америкалық журналистика факультеті оқытушыларының Ассоциациясымен, АҚШ Ақпарат агенттіктері және басқа да халықаралық бірлестіктермен тығыз байланыс жасайды. АҚШ-тың Оклахома мемлекеттік университеті, Солтүстік Каролина Дьюк университетінің саясат және демократия институты, Чаппел Хилл университеті, Мериленд университеті, Австралияның Квинленд университеті, М.В. Ломоносов атындағы ММУ, МХҚИ, РМГУ және Орталық Азия елдері университеттерінің профессорлары факультетте дәрістер оқиды.
1995 жылдан бері факультеттің 15 оқытушысы АҚШ-тың Оклахома Университетінде болып қайтты. Факультет оқытушылары шетелмен тәжірибе алмаса отырып, шетелдік жоғарғы оқу орындарында дәріс оқып қайтты. Журналистика факультеті ММУ-нің журналистика факультетімен бірлесе отырып, магистрлік бағдарлама бойынша екі жақты диплом алуға мүмкіндік тудырып отыр