Дарынды жастарды қолдау - қоғамның табысты дамуының кепілі

03.12.2021

Көрулер: 1664

    Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ) қабырғасында "Ауғанстандағы тұрақсыздық – Орталық Азия үшін шешу жолдары" тақырыбындағы мақалалар байқауының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

   Бұл жобаға ҚазҰУ, журналистика факультетінің студенттері ғана емес, басқа да жоғары оқу орындарының өкілдер белсенді қатысты. Ұйымдастыру комитеті құзыретті қазылар алқасының қатаң бағалауынан өткен конкурстық жұмыстарға жоғары баға берді. Комиссия шешімімен ҚазҰУ студенттері конкурс жеңімпаздары болып танылды. Олар атаулы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды, ал жобаға қатысқан барлық студенттерге сертификаттар берілді.

   Конкурсты ұйымдастыру және оны өткізу талантты жастарды қолдау, ғылыми-зерттеу қызметін дамыту және тиімді кадрлық резервті қалыптастыру мәселелеріне зор көңіл бөлетін Халықаралық ғылымды дамыту орталығы мен ҚазҰУ басшылығының бірлескен бастамасы нәтижесінде жүзеге асты.