Ұстаз еңбегі жарық көрді
15.04.2020Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің профессоры Қабылғазина Клараның «әл Фараби» баспасынан «Тіршілік» атты хикаяттар мен әңгімелер жинағы жарық көрді. Ол өткен жылы Бельгияның Брюссель қаласында өткен «Open Euroasian literature festival» деп аталатын ашық фестивальда «шағын проза» номинациясы бойынша 2-орын алып, халықаралық деңгейде еңбегі еленген болатын.