Жаңалықтар

«Үздік баспагер – 2021» іс-шарасы

02.11.2021

     Күні кеше Журналистика факультеті, Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен 15 студенттер үйінде 1-2 курс студенттері арасында «Үздік баспагер – 2021» сайысы өтті. Сайыстың мақсаты – шәкірттердің білімін шыңдау, оқу мен қатар қоғамдық жұмыстарда серпіліс беру және ынталандыру болды.

Ары қарай оқу >>

Қожакеевтің құнды қазынасы

25.10.2021

Қазақ сатирасының өсіп-өркендеп, терең тамыр жаюына зор үлес қосқан ғалым-ұстаздардың бірі де бірегейі – Темірбек Қожакеұлы! Ол – қазақ сатирасын егжей-тегжейлі зерттеп, сатиралық жанрлар жүйесін жете зерделеген һәм теориялық жағынан негіздеген ғалым. 

Ары қарай оқу >>

“Жаһандық пандемия кезіндегі журналистика және подкаст” семинар

11.10.2021

   2021 жылдың 24 қыркүйегінде Тәуекел журналистикасының жаһандық орталығы (GRJH) Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультеті, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының студенттерімен онлайн-семинар өткізді. Баяндамашылар BBC тілшілері, CNN продюсері және Пулитцер сыйлығының иегері болды. Олар әртүрлі тақырыпта, яғни, журналистиканың жаһандық үлгісі бойынша кәсіби контент құруға, дағдарыс кезіндегі журналистік этикадан бастап, дағдарыс кезіндегі көрнекі әңгімеге дейін әртүрлі тақырыптарда әңгіме қозғады.

Ары қарай оқу >>

Қысқы бақта өткен жылы жиын

24.09.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының мәжілісі болып өтті. Өмірбек Жолдасбеков атындағы студенттер сарайындағы қысқы бақ залында өткен жиынды кафедра меңгерушісі – филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Рамазанова ашып, жаңа декан Сансызбай Шарапиұлына ұжым мүшелерін таныстырды. Олардың алған асулары мен жеткен жетістіктері туралы айтты.

Ары қарай оқу >>

БІЗДІҢ БАСТЫ ИГІЛІГІМІЗ

22.09.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен журналистика факультетінің баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын зор ықыласпен қабылдады.

Ары қарай оқу >>

Профессор Қайыржан Бекхожиннің академиялық мұрасы ұлықталды

15.05.2021

   Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде VIII Бекхожин оқулары аясында «БАСПАСӨЗДІҢ БОЛАШАҒЫ: БОЛЖАМДАР МЕН ПРАКТИКАЛЫҚ ШЕШІМДЕР» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция болып өтті.

Ары қарай оқу >>

Жас тілшілер форумы

03.05.2021

 Жыл сайын сәуір айында ҚазҰУ журналисика факультетінде жас тілшілер шығармашылық бағын сынайтын Жас тілшілер форумы өтеді. Бұл – бала арманын кәсіби мақсатына жетелейтін, жас өрендер жыл сайын асыға күтетін ерекше шара. ҚазҰУ журналистика факультеті бұл шараны биыл елу алтыншы рет ұйымдастырып отыр. 

Ары қарай оқу >>

ҚОЖАКЕЕВ БИІКТІГІ

26.04.2021

   Бүгін 2021 жылдың 23 сəуірінде сағат 11.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Журналистика факультетіндегі Е. Шаймерденов атындағы аудиторияда (214) IX Қожакеев оқулары аясында «ТЕМІРБЕК КОЖАКЕЕВ ЖƏНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ САТИРАЛЫҚ ЗАМАНСӨЗ» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік онлайн-конференция болып өтті. Кіріспе сөзді Журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы ашып, беташар бата сөзді сатирик, Халықаралық «Алаш» əдеби сыйлығының лауреаты Көпен Əмірбекке ұсынды.

Ары қарай оқу >>

«ҰЛТТЫҚ ФОТОӨНЕР: ТАРИХЫ МЕН ДАМУЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯ

26.04.2021

   2021 жылдың 15 сәуірінде, сағат 11:00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Журналистика факультетіндегі Е. Шаймерденов атындағы аудиторияда (214) Қазақстан фотографиясының 180 жылдығы аясында ұстаз, фотожурналист Асылхан Әбдірайымұлының 60 жасқа толған мерейтойына арналған «ҰЛТТЫҚ ФОТОӨНЕР: ТАРИХЫ МЕН ДАМУЫ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті. Аталмыш концеренцияда Асылхан Әбдірайымұлының төл шығармашылығына арналған кітап және фотокөрменің ашылу салтанаты ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

ЖУРНАЛИСТЕР ЖАРЫСЫ

25.04.2021

   2020-2021 жылдары «Жаңа медиа мұғалімдер достастығы» ҰБО Ресей Федерациясы Президентінің Гранттар қорының қолдауымен, Балтық Федералды университеті, Воронеж мемлекеттік университеті, Пермь ұлттық зерттеу университетімен бірлесіп,  ЕАЭО елдерінің «Журналистика шайқасы – 2020» ұранымен «Ұлы және күштілердің медиа бауырластығы» журналистика факультеттерінің ІІІ инновациялық байқауын өткізді.

Ары қарай оқу >>