SKILLS ACADEMY - ТІЛ ҮЙРЕНУ ПЛАТФОРМАСЫ
12.04.2021Журналистика факультеті 2-курс магистранты Берікбол Төлеген "Skills academy - тіл үйрену платформасы" жобасын Студенттік бизнес инкубаторлар байқауына ұсынып, университет бойынша 3-орынды иеленді.
Журналистика факультеті 2-курс магистранты Берікбол Төлеген "Skills academy - тіл үйрену платформасы" жобасын Студенттік бизнес инкубаторлар байқауына ұсынып, университет бойынша 3-орынды иеленді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен көрнекті ғалым, ұстаз, жазушы, публицист, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Әбілфайыз Ыдырысовты еске алуға арналған «Баспа ісі және медиадизайн: қазіргі трендтер, проблемалары және келешегі» деген тақырыпта Ыдырысов оқулары өтті.
7 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде «Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту моделдері” (МТIJ) атты дәстүрлі V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Журналистика және коммуникация жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының қолдауымен халықаралық журналистиканың өзекті мәселелерін талқылауға арналған жиынды бесінші рет өткізді.
Жаһандық қоршаған орта өзгерістері мен жергілікті экологиялық проблемалар бес күнге арналған журналистерге арналған курстың басты білім беру траекториясы саналды. Экологиялық сауаттылықты арттыру, экологиялық мәселелер тақырыбында журналистік материалдар даярлаудың медиа құралдарын үйрену модулі шығармашылық кешенді қамтыды. БАҚ-та экологиялық мәселелерді жариялау, экологиялық білім беру мен тәрбиелеу, қалдықтарды кәдеге жарату және қоршаған ортаны қорғау проблемаларын талқыланып, оларды экологиялық мәдениетті арттыруы жолдарына дейін аталған шараға ғалымдар, журналистер мен экологиялық саланың еріктілері қатысты.
Жаһандық қоршаған орта өзгерістері мен жергілікті экологиялық проблемалар бес күнге арналған журналистерге арналған курстың басты білім беру траекториясы саналды. Экология саласында маманданған журналистерге арналған дәрістерін тыңдаған елуден астам БАҚ маманы экологиялық білімін арттырды.
Әйелдер мейрамы қарсаңында кафедрамыздың аға оқытушысы, университеттің Корпоративтік БАҚ және қоғаммен байланыс басқармасының жетекшісі Гүл Құттыбекқызы Баяндина ханым Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мейірім" төсбелгісімен марапатталды.
Журналистика факультетінде Қазақстандағы телерадио журналистиканың негізін салушы, ұлттық телерадио хабарларын таратуға өлшеусіз үлес қосқан, қазақстандық журналисттердің көптеген буынын тәрбиелеген ғалым, профессор Марат Барманқұловты еске алуға арналған «ХХІ ғасырдың жаңа медиа-ландшафты» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтті.
2021 жылы 2 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «The role of youth within the implementation of Sustainable Development Goals in the Decade of Action» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға ЮНЕСКО кафедрасының өкілдері, халық аралық журналистика және қоғаммен байланыс жөніндегі профессор, саясаттану ғылымдарының докторы, UNAI тұрақтылық жөніндегі ғаламдық хабының құрметті директоры Ғалия Ибраева, профессор, филология ғылымдарының докторы, кафедра меңгерушісі Назгүл Шыңғысова қатысты.
Қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай ақын өлеңдерін жатқа оқу челенджін «Қазақ Радиолары» ЖШС ұжымы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне жолдаған болатын.
Дәстүрлі қысқы медиа мектеп жұмысын онлайнда өткізді. "Qazaq Radiosy" 100 жылдығы және Бүкіләлемдік радио күніне арналған «Қолжетімді радио әр тұрғынға және барша халыққа: COVID-19 пандемияға қарсы күресте» тақырыбында VІІІ халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі әлемнің жеті елінің басын қосқан халықаралық шара.