Жаңалықтар

Механика кафедрасының оқытушылары UNISEC Globalgganization жыл сайынғы кездесуінде наноспутниктер бойынша 11-ші симпозиумға қатысты

23.10.2022

Механика кафедрасының доцент м.а. Н.Б. Калиева мен механика кафедрасының ғылыми-инновация және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Н.С. Досжан 2022 жылдың қазан айының 17 мен 22-і аралығында Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан Наносеріктер бойынша 11-ші Симпозиумға және UNISEC Global Organization-ның жыл сайын өтетін кездесуіне қатысуда. Бұл іс-шараға 24 елден микро және наносеріктерді жобалау саласындағы жетекші ғалымдармен қатар, ҒА компоненттерін өндірумен және ҒА ұшырумен айналысатын компаниялардың өкілдері қатысуда. Іс-шара аясында микро, наносеріктер мен кіші ғарыш аппараттары топтамаларының миссияларын жоспарлау, жобалау  және қолдану міндеттері қарастырылуда. Наносеріктерді жобалау мен пайдаланудың мәселелері талқыланып, жаңа идеялар мен туындаған мәселелердің шешу жолдары ұсынылды. 

Ары қарай оқу >>

Академик Надиров Надир Каримовичтың 90 жылдығына және Академик Өтелбаев Мұхтарбай Өтелбайұлының 80 жастық мерейтойына арналған «Computational and Information Technologies in Science, Engineering and Education (CITech-2022)» тақырыпта Халықаралық конференция өтті

18.10.2022

12-14 қазан аралығында Академик Надиров Надир Каримовичтың 90 жылдығына және Академик Өтелбаев Мұхтарбай Өтелбайұлының 80 жастық мерейтойына арналған «Computational and Information Technologies in Science, Engineering and Education (CITech-2022)» атты Халықаралық конференция өтті. Халықаралық ғылыми-практикалық CITech конференциясының бірнеше жылдық тарихы және бай дәстүрі бар. Аталмыш конференция 2002 жылдан бері өткізіліп келеді.

Ары қарай оқу >>

Механика-математика факультетінің 4 курс студенттері ҚазҰУ Басқарма төрағасы – ректордың атынан грамотамен марапатталды

03.10.2022

Студенттердің командалық жұмысының және еңбек тәртібінің арқасында, қысқа мерзімнің ішінде университетіміздің барлық жатақханаларының оқу корпустарының  схемасы жасалынды. Бірнеше жылдың аралығында алынған білім практика барысында сәтті қолданылды.

Ары қарай оқу >>

МЕХАНИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ ДОСЖАН НҰРСҰЛТАН САҒЫНАЙҰЛЫ ЖАПОНИЯДАҒЫ ҒАРЫШТЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ БІЛІМІНІҢ ӘДІСТЕРІ БОЙЫНША ӨТКЕН СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ.

23.09.2022

ҚазҰУ механика кафедрасының аға оқытушысы Досжан Нұрсұлтан Сағынайұлы 2022 жылдың 18-31 тамызы аралығында Жапонияның Токио қаласындағы Tokyo Kenshu орталығында және Nihon университетінде ғарыштық инженерия білімінің әдістері бойынша өткен семинарға қатысып келді.

Ары қарай оқу >>

МЕХАНИКА ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ МЕХАНИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ 2 КУРС МАГИСТРАНТТАРЫ ҚОС ДИПЛОМДЫҚ БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ФРАНЦУЗ УНИВЕРСИТЕТТЕРІНДЕ ОҚУЫН ЖАЛҒАСТЫРУ ҮШІН АБАЙ-ВЕРН СТИПЕНДИЯСЫН ЖЕҢІП АЛДЫ.

10.09.2022

2022-2023 академиялық жылы үшін бөлінген "Абай-Верн" стипендиясы иегерлері ішінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің "Механика-Математика" факультетінің "Механика" кафедрасының «7М05405-Механика және энергетика (UL, Франция)» білім беру бағдарламасының (мамандығының) 2-курс магистранттары Баймағанбетова Шолпан, Өміралиева Нұржауған, Качкинова Азиза, Көдебай Ілияс, Мұхамбетов Қазбек, Жакупов Азимжан, Салкынбеков Дамир және «8D05403-Механика» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Керимбекова Диана да бар.

Ары қарай оқу >>

Механика-математика факультетінде ҚазМұнайГаз (KMG Engineering) компаниясының өкілдерімен кездесу өткізілді.

15.02.2022

Кездесу барысында екіжақты серіктестік пен мұнай саласына қажетті білім беру бағдарламалары талқыланды. Сәйкесінше студенттер де өндірістік тәжірибені ҚазМұнайГаз компаниясынан өте алады. 

Ары қарай оқу >>

Академик Шахбаз Әлімгерейұлы Ершин атындағы шәкіртақы!

27.12.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультеті механика кафедрасының студенттері мен магистранттарына оқу мен ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы жетістіктері үшін академик Шахбаз Әлімгірейұлы Ершин атындағы шәкіртақы тағайындалды.

Ары қарай оқу >>

Механика кафедрасына кітаптар сыйлыққа тартылды!

23.12.2021

Aкадемик Шахбаз Әлімгерейұлының жары ф.-м.ғ.д., ҚазМемҚызПУ профессоры Айнакүл Қапасқызы Ершина әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті механика-математика факультетінің механика кафедрасына академик Ш.А. Ершиннің «Ш.А. Ершин. Гидроаэродинамика. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. - 354 бет» атты монографиясын сыйға тартты

Ары қарай оқу >>