Механика-математика факультетінде ҚазМұнайГаз (KMG Engineering) компаниясының өкілдерімен кездесу өткізілді.

15.02.2022

Көрулер: 1480

 

Кездесу барысында екіжақты серіктестік пен мұнай саласына қажетті білім беру бағдарламалары талқыланды. Сәйкесінше студенттер де өндірістік тәжірибені ҚазМұнайГаз компаниясынан өте алады. Тәжірибеден сәтті түрде өткен білім алушылардың ары қарай жұмысқа орналасу мүмкіндіктері бар. Нақтырақ айтатын болсақ, Механика кафедрасындағы "Механика және энергетика" мамандығының магистранттарына білім беру бағдарламасына сәйкес арнайы тапсырма берілді.
Сонымен қатар, "KMG School" жобасы бойынша 3-4 курс бакалавр студенттері қосымша теориялық білім алып, сертификатқа ие бола алады. Теориялық оқыту әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында өтетін болып келісілді.
 
ҚазҰУ - мүмкіндіктер мекені!