Қытай асханасы: Қытай мәдениетіндегі тағамның символдық мәні
Көрулер: 1934
22 қазан күні 2021 жылы «Қытай асханасы: Қытай мәдениетіндегі тағамның символдық мәні» тақырыбына ашық сабақ өтті. Бұл ашық сабаққа қытайтану кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты. Жалпы ашық сабақта Қытай асханасы және оның ерекшеліктері, сонымен қатар қытай асханасының символдық мәні туралы айтылды. Ашық сабақта қытай тағамдарына жеке тоқталып қана қоймай, сонымен қатар қытай асханасындағы сусындар, соның ішінде: шай мен шарап туралы мәліметтер берілді. Шайдың түрлері мен шараптың ерекшеліктерін, сонымен қатар олардың тарихы туралы айтылды. Қытай асханасы бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан. Бұл асхананың үш мың жылдан астам тарихы бар. Ежелгі заманның өзінде патшалық тұрғындары тағамды дәмді әрі тез дайындауды білген. Қытайлар тағам аспаннан беріледі деп санайды. Сондықтан да оларда «ауыз тиіп» кету деген түсінік жоқ. Тамақтану немесе дастарқаннан дәм тату бұлардың ұлттық мәдениетіне ортақтасу болып есептеледі. Көбінесе қытайлар дөңгелек үстел басында жиналады. Қытайлар біз секілді бір табақты ортаға қойып, бәріне ортақ етіп, бір үлкен бас тағам ұсынбайды. Тамақтанардан бұрын дастарқан басындағы әр адамға ішінде асылған күріш толтырылған шағын кесе мен өздерінің тілінде 筷子 деп аталатын қос таяқша таратылады. Содан соң үстел басына неше түрлі шағын тағамдар әкелінеді. Сөйтіп, әр адам өз қалағанын таяқшаларымен алып, алдарындағы кеселеріндегі күрішпен араластырып отырып жейді. Мұндай шағын тағамның саны оннан астам болады. Кейде дастарқан басында біраз адам жиналғанда шағын тағамның қырықтан астам түріне дейін қойылады.
Бұл ашық сабақта осы ерекшеліктер туралы мәліметтер айтылды, сонымен қатар қытайтану кафедрасының оқытушысы Тұрбек Мұрат қытай асханасы туралы өте көп қызықты мәліметтер туралы айтты.






