Qalamdas әдеби сыйлығы
28.09.20222022 жылдың 25 қыркүйегінде Ольга Маркованы еске алуға арналған Qalamdas әдеби сыйлығының бірінші маусымы жеңімпаздарды марапаттау рәсімімен аяқталды.
2022 жылдың 25 қыркүйегінде Ольга Маркованы еске алуға арналған Qalamdas әдеби сыйлығының бірінші маусымы жеңімпаздарды марапаттау рәсімімен аяқталды.
2022 жылдың 8 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы Жамбыл Жабаев атындағы Қазақ фольклоры мен әдебиетін зерттеу ғылыми орталығымен бірлесіп, белгілі ақын Өтеген Оралбайұлының 70 жылдығына арналған «Қазіргі поэзияның даму тенденциялары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды.
2022 жылдың 7 қыркүйегінде шетел тілдері кафедрасының оқытушылары Ә.К. Шаяхмет пен Ә.Ж. Өтетілеуова, дипломатиялық аударма кафедрасының оқытушысы М.К. Мырзағалиева университетіміздің Тілдер Аптасы шеңберінде «Қазақстан Елінің Тілдері Күні» атты іс-шарасын өткізді.
Әр оқу жылының басында шетел тілдері кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы жыл сайын 1 курс бакалавриат студенттерінің шет тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін оларды тестілеуден өткізеді.
«Көкжиектегі» М.Әуезовтің 125 жылдығына арналған шаралар 2021-2022 оқу жылында әл-Фараби атындағы филология факультетінде "Көкжиек" клубының ұйымдастыруымен М.Әуезовтің 125 жылдығына орай ұлы жазушының әңгімелері бойынша оқырмандар конференциялар, дөңгелек үстелдер өтуде.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қаласындағы «Алау» балаларды оңалту орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аталған келісімге сәйкес профессорлық-оқытушылық құрам өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбиелеу бағытында қолдау көрсетеді.
21 сәуір күні ҚР еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Бағызбаева Мая Михайловнаға арналған мерейтойлық іс-шара өтті. Аталған іс-шараға Заң факультеті мен ЭжБЖМ-нің 1 курс студенттері белсене қатысып, оны үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізді.
2022 жылы сәуірдің 5 күні филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы белгілі ақын, журналист Жарқын Сәленұлымен әдеби-танымдық кездесуді өткаізді. Ұйымдастырушы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.О. Мәмбетов. Кездесуге филология және журналистика факультеттерінің студенттері, магистранттары, докторантары қатысты. Кездесу аясында Жарқын Сәленұлы өз өлеңдерін оқыды және сұрақтарға жауап берді.
2022 жылдың 17 наурызында шет тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Пәнаралық мәселелердегі өзекті тенденциялар» атты халықаралық конференция өтті. Конференцияға 96 қатысушы: жас ғалымдар, докторанттар және магистранттар жиналды. Қатысушылар пленарлық отырыста негізгі баяндамалар жасаған профессорлар Крис Кортенді, Куршат Джесурды, профессор П.Гильманды, құрметті профессор Миннисті қуана қарсы алды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің деканы, профессор, филология ғылымдарының докторы Джолдасбекова Баян Өмірбекқызы Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасында әдебиет саласындағы қарым-қатынасты нығайтып, дамытқаны үшін Беларусь Республикасы Ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.