Меморандумға Қол Қою

21.04.2022

Көрулер: 1052

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қаласындағы «Алау» балаларды оңалту орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аталған келісімге сәйкес профессорлық-оқытушылық құрам өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбиелеу бағытында қолдау көрсетеді.

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы бірнеше бағытта ынтымақтастықт орнатуға жоспарлап отыр:

- Жаңа жылға, Наурызға, Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

- Орталықтың кітапхана қорын қалыптастыруға қолдау көрсету;

- балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған үйірмелер ұйымдастыру;

- қазақ халқының тарихына, мәдениетіне, әдебиетіне арналған тақырыптық кездесулер, оқу кештерін өткізу;

- қазақ әдебиетін зерттеу, жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеудегі әдебиеттің рөлі туралы оқу-әдістемелік әдебиеттер орталығы қызметкерлерімен бірлесіп әзірлеу және шығару.