Орыс тілі және әлем: көрнекті ғалым және педагог

21.04.2022

Көрулер: 1004

21 сәуір күні ҚР еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Бағызбаева Мая Михайловнаға арналған мерейтойлық іс-шара өтті. Аталған іс-шараға Заң факультеті мен ЭжБЖМ-нің 1 курс студенттері белсене қатысып, оны үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізді.

Осы іс-шараның нәтижесінде студенттер М.М. Бағызбаева туралы көптеген жаңа ақпараттар алды. "Құқықтану", «Логистика», «Менеджмент» мамандықтарының студенттері орыс әдебиетінен шабыт алып, ұлы орыс ақындарының өлеңдерін оқып, орыс халық билерін биледі. Маяковскийдің өмірінен көрініс "Логистика"тобының студенттерімен қойылған болатын. Мұның бәрі ән- күймен жалғасты. Іс-шара соңында ф.ғ.к., доцент Айсултанова Қ.А. және басқа да аға оқытушылар өз әсерлерімен бөлісіп, қатысушыларға алғыстарын білдірді. Студенттер М. М. Бағызбаеваның қызықты өмір жолымен рухтандырылды.

Іс-шара филология факультетінің Шет тілдер кафедрасы оқытушыларының жетекшілігімен дайындалды:

- заң факультетінен Айсултанова К. А., Алиярова Л. М., Мусанова Г. А.;

- ЭБжЖМ-ден Махажанова Л. М., Халенова А. Р., Оразаева Г. А. және Тлеугабылова З.А.

- механика-математика факультетінен Жубанова К.Х.

- физика-техникалық факультетінен Алиева М.