М.Әуезовтің 125 жылдығына оқырмандар конференциялар

27.04.2022

Көрулер: 1385

«Көкжиектегі» М.Әуезовтің 125 жылдығына арналған шаралар2021-2022 оқу жылында әл-Фараби атындағы  филология факультетінде  "Көкжиек" клубының ұйымдастыруымен  М.Әуезовтің 125 жылдығына орай ұлы жазушының әңгімелері бойынша оқырмандар конференциялар, дөңгелек үстелдер өтуде.М.Әуезовтің ХХ ғасырдың басында жарық көрген , әдебиет зерттеушілер жоғары баға берген "Оқыған азамат"  «Көксерек», "Қорғансыздың күні" т.б әңгімелерінің көркемдік идеясы мен мазмұны нақты мәтіндер негізінде талқыланды.   Әдеттегідей "Көкжиек" конференцияларында студенттерге көркем мәтінді оқу және түсіну, талдаудың әдебиеттануда қалыптасқан қағидалары бойынша Әуезов әңгімелері жүйелі түрде талданып келеді. Клуб жетекшісі, филолог-ұстаз Ләйла Мұсалы Әуезов мерейтойы аясында мұндай іс-шаралар жалғаса беретіндігін айтты.


Әрбір өткен шарада Әуезов әңгімелері бойынша викториналық сұрақтар, презентациялар жасалып, студенттер назарына ұсынылды. Наурыз айындағы кезекті бір конференцияға Әуезовтің әңгімелерін зерттеген әдебиетші ғалым Аслан Жақсылықов қатысты. Кандидаттық диссертациясында Әуезовтің әңгімелерін зерттеген ғалым бұл туындылардың көркемдігі жоғары екенін айтты. Бұған қоса өзінің аудармашы ретінде "Көксеректі" орыс тіліне аудару тәжірибесі, Пантиелев аудармасынан өзгешелігі, жалпы аударманың қиындығы мен қызығы жөнінде әңгімеледі.
Сондай-ақ, сәуірде өткен кезекті шарада  жазушы шығармаларының шетел әдебиетімен байланысы жөнінде айтылып, "Көксерек" пен Д.Лондонның «Ақ азу» шығармалары арасындағы шығармашылық байланыс   мәселесі де талқыланды. Студенттер екі шығарманың тақырыбы мен идеясы, көркемдігі бойынша нақты мысалдар келтіріп, ой-пікірлерін ортаға салды.
Жалпы, Әуезовтің 125 жылдығы аясында «Көкжиек» ұйымдастырған  мұндай конференциялардың мақсаты - Әуезов туындылары арқылы қазақ халқының рухани-әдеби құндылықтарын насихаттау жас ұрпақтың бойына адамгершілік қағидаларын сіңіру,  кітап оқуға баулу.  Болашақ филолог-мамандар үшін бұндай іс-шаралардың маңызы бар.

WhatsApp Video 2022-04-27 at 10.05.50.mp4