Іс-шаралар

«Әл-Фараби философиясы және медиаэтика: заманының дилеммасы» атты ІІІ Халықаралық журналистика онлайн форумы

13.03.2021

2021 жылы 16 сәуірде сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ғылыми кітапханасының № 308 Абай залында «Әл-Фараби философиясы және медиаэтика: заманының дилеммасы» атты ІІІ Халықаралық журналистика онлайн форумы өтеді.
Ғылыми жиынға АҚШ, Австралия, Еуропа, Түркия және Орта Азия мемлекеттерінің ғалымдары, еліміздің және шетелік ЖОО оқытушы-профессорлары, PhD докторанттар мен магистранттар және БАҚ өкілдері қатысады.

Ары қарай оқу >>

Алматыда экологиялық журналистика бойынша курс өтеді

13.03.2021

Ағымдағы жылдың 15 наурызынан бастап 19 наурызына дейін Алматыда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті экология саласында маманданған журналистер үшін оқыту курстарын өткізеді (бағдарлама қоса беріледі).

Ары қарай оқу >>

Заманынан озып туған жазушы

13.03.2021

Жаратушы иеміз ұлттың тұғырын өрге өрлеткен ұлы тұлғаларына ерекше тағдыр сыйлайтын іспетті. Олай дейтініміз, өзінің халқы тұрмақ, сонау Италия, Грекия тәуелсіздігі үшін егіленбей күрескен Байронның, халқының білімді, рухани мелжемді болуы үшін тұла бойындағы күллі күшін сарп еткен Новалистің, Перси Биши Шеллидің, Стендаль сынды әлемнің ұлы ақын-жазушыларының өмірі ауыр мехнатқа, толассыз тауқыметке толы. Ал, қазақ әдебиеті саласында тыңнан түрен салған, әл-Фараби бабамыз айтқандай, әдебиет саласына жаңалық алып келген, қазақ детективінің негізін қалаған әйгілі жазушы Кемел Тоқаевтың ғұмыры ше? 

Ары қарай оқу >>

Кемеңгердің кемел ойы

12.03.2021

Әр халықтың әдебиет саласында жемісті кезеңі болады. Мәселен, Францияда ең жемісті кезең – «Романтизм ғасыры» атанып кеткен XIX ғасырды айта аламыз. Шатобрианның «Атала» повесі, Виктор Гюгоның «Козеттасы», Жорж Cандтың «Индиана» романы бұған дәлел. Ал, қазақ халқы үшін XX ғасыр елеулі рөл атқарды. Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл-құралы» мен «Әдебиет танытқышы», Жүсіпбек Аймауытұлының  «Ақжүніс» пен «Психологиясы», Бейімбет Майлиннің «Азамат Азаматыч» пен «Мырқымбайы», Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетауы», Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баяны» қазақ халқының сарқылмас байлығына айналды. «Мұқтаждық – мың өнердің анасы» деп ата-бабамыз айтқандай, әдебиет, көбінесе, қайғысы мен қасіреті мол зобалаң заманда қарыштап дамиды. Ахмет Байтұрсыновтың енгізген төте жазуы, шығарған «Қазақ» газеті, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың уытты поэмалары мен жасынды жырлары,  Байронның парламентте өз халқының мүддесін қорғауы, Новалистің білім, ғылымды дамытып, елінің еңселі де ұстыны берік болуы үшін  аянбай еңбек етуі  сөзімді айғақтайды.

Ары қарай оқу >>

ДӘСТҮРЛІ "БАРМАНҚҰЛОВ ОҚУЛАРЫ"

12.03.2021

2021 жылдың 4 наурызында сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетіндегі Е. Шәймерденов атындағы аудиторияда ХХ Барманқұлов оқулары аясында өтетін «ХХІ ғасырдың жаңа медиа ландшафты» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтеді.

Конференция бағыттары:

• Қазақ журналистикасының заманауи дамуы;

• БАҚ технологиялары мен тенденциялары;

• Жаңа медиа - цифрлық дәуірдің қиындықтары;

• Ақпараттық мәдениет: мәселелері мен болашағы;

• БАҚ кадрларын даярлау мәселелері;

• Профессор М.К.Барманқұловтың шығармашылығы, зерттеулері және мұралары.

Ары қарай оқу >>

ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ

11.03.2021

Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен, 2021 жылдың 14 наурызында "Қош келдің, Әз-Наурыз" атты онлайн кеш өтеді. Кеште Журналистика факультетінің майталман, өрен жүйріктері тамаша өнерлерін паш етеді. Қазақстың қасиетті домбырасынан күй төгілсе, жезтаңдай әншілері халық әндерін шырқайды. Ал, талантымен дүйім жұртты таңғалдырған ақындар жыр жауһарларын төгеді. Мұндай тамаша кеш онлайн форматында өтсе де, еш құндылығын жоғалтпайды. Қатысамын деушілерге әрдайым онлайн есік ашық!

Ары қарай оқу >>

Пандемиямен күрестегі радио қызметі

18.02.2021

Дәстүрлі қысқы медиа мектеп жұмысын онлайнда өткізді. "Qazaq Radiosy" 100 жылдығы және Бүкіләлемдік радио күніне арналған «Қолжетімді радио әр тұрғынға және барша халыққа: COVID-19 пандемияға қарсы күресте» тақырыбында VІІІ халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі әлемнің жеті елінің басын қосқан халықаралық шара. Факультет деканы С. Медеубек 100 жылдық төл радионың қоғамдағы шұғыл апарат тарату қызметін ерекше атап өтті. Ол Нұр-Сұлтан қаласынан "Қазақ радиолары" ЖШС Бас директоры Ернұр Бурахан бастаған радио ұжымы, еліміздің өңірлерінен, Еуропа, АҚШ, Ресей, Қытай, Ауғанстан, Вьетнам, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен қатысқан практик мамандарды, журналистика факультеті студенттері мен оқытушы-ғалымдарды радио күнімен құттықтады.

Ары қарай оқу >>

"Үркердің онлайн зертханасы" басталды

18.02.2021

"Үркердің онлайн зертханасы" басталды. "Медиа даму қоры" биыл алғаш рет журналистика факультеттері студенттеріне арналған интеллектуалды активити күндерін бастады. Әлемде Журналистер арасында ұлттық мәртебелі сыйлық иегерлерінің осындай жақсы тәжірибесі бар. Мәселен, Pulitzer Prize Пулитцерліктер екі жылда бір Гонконг университетінде 10 күн бойы студенттерге шеберліктерін бөлісіп, арнайы жиналады. SOPA Awards Азия елдері журналистері сыйлығы жеңімпаздары да Гонконгта бас қосып, екі жылда бір студенттерге дәріс оқиды.

Ары қарай оқу >>

М.К. БАРМАНҚҰЛОВ ОҚУЛАРЫНА АРНАЛҒАН Б А Й Қ А У Е Р Е Ж Е Л Е Р І

17.02.2021

2021 жылдың 4- наурызында студенттер мен жас ғалымдарға арналған «ХХІ ғасырдың жаңа медиа-ландшафты» атты Барманқұлов оқулары аясында ең үздік студенттік теле-жобаларға, тележурналистика мен радиожурналистика және электронды БАҚ, заманауи бұқаралық коммуникация құралдары, сандық технология салалары бойынша ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмыстарына байқау жарияланады.

Байқауды ұйымдастыру мақсаты - студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми ізденісін арттыруға, телерадиожурналистика бағытындағы шығармашылық ойлары мен жаңаша идеяларын жүзеге асыруға ықпал ету.

Ары қарай оқу >>