Қабылғазина Клара

 

Клара Қабылғазина-Алматы Жоғары партия мектебінің оқытушысы, журналист, филология ғылымдарының кандидаты. 1950 жылдың 4 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жалғызтал ауылында дүниеге келген.

 Ғылыми өмірбаяны

  • Алматы Жоғары партия мектебінің оқытушысы
  • 1982-1991жж. - меңгеруші ҚазҰУ журналистика факультетінің баспасөз кабинеті
  • 1991-2000 ж. ж. – Журналистика фак аға оқытушысы.ҚазҰУ
  • 1997 ж. - 2000 ж. ж. — "Сана" студенттік радиосының үйлестірушісі
  • "Арай" республикалық жастар журналының бас редакторы
  • "Әл Фараби" студенттік радиосының жетекшісі»
  • "Әл-Фараби" студенттік интернет радиосының кеңесшісі
  • 2012, 2013 ж. ж. - " Журналист болғың келе ме?» республикалық студенттік шығармашылық форумының координаторы
  • Журналистика факультеті Баспасөз және электрондық БАҚ кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

 

 Еңбектері

  • ҚР БҒМ бағдарламасы бойынша шығарылған "Радиожурналистика" оқулығының бірлескен авторы, 2006 ж.
  • ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігі жанындағы Ақпарат және мұрағат комитетінің тапсырысы бойынша жарық көрген "Қазақ журналистикасы" үш томдық басылымының тең авторы.2009 ж.
  • Дәуір үні, монография 2003 ж.."Арай "» баспасы
  • »Аудиотехника және радиохабарларының технологиясы». Оқу құралы. 1999 ж.басылым ҚазҰУ
  • «Теледидар: бизнес әлде билік» Оқу құралы. 2007 ж. (аударма), басылым.ҚазҰУ баспасы
  • Хабар технологиясы. Оқу құралы. 2011ж,басылым. ҚазҰУ баспасы
  • «Журналист шеберлігін қалыптастыру жолдары» Оқу құралы, 2012ж.ҚазҰУ.
  • «Радиожурналистика:әдістемелік нұсқаулық», 2014 ж.(методикалық оқу құралы), ҚазҰУ баспасы
  • Жүзден астам публицистикалық және ғылыми мақалалары бар

 

Материалды сайтқа әзірлеген: ЕЛҒОНДИНОВА Аружан ДИДАРҚЫЗЫ