Іс-шаралар

«Барманқұлов оқулары»

17-ақп-21

2021 жылдың 4 наурызында сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетіндегі Е. Шәймерденов атындағы аудиторияда Қазақстандағы телерадио журналистиканың негізін салушы, журналистика ғылыми мектебінің негізін қалаған, ұлттық телерадио хабарларын таратуға үлкен үлес қосып, көптеген шәкірт тәрбиелеген ғалым, профессор Марат Кәрібайұлы Барманқұловты еске алуға арналған «ХХІ ғасырдың жаңа медиа-ландшафты» атты Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

ӘЛЕМДІК ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ҚАДАМ ЖАСАЛДЫ

17-ақп-21

Бүкіләлемдік журналистика зерттеулері - Worlds of Journalism Study Association (WJS) 2010 жылы құрылған әлемдегі журналистиканың ахуалын тұрақты бағалайтын   академиялық жобаға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті ғалымдары ғаламдық зерттеулер жүргізу иақсатында қосылып отыр.

Ары қарай оқу >>

Ұлттың ұлын ұлықтау

17-ақп-21

     Мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, публицист Сапар Байжановтың туғанына 90 жыл толуына арналған халықаралық конференцияны 2021 жылдың 27 қаңтары күні өткізу құрметі - әл Фараби атындағы Ұлттық университеттің журналистика факультетіне бұйырыпты. Конференция шымылдығын ашқан факультет деканы Сағатбек Медеубекұлы  алғашқы құттықтау сөзді парламент депутаты , белгілі қаламгер Нұртөре Жүсіпке ұсынды.

Ары қарай оқу >>

ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ СӨЗ БОЛДЫ

17-ақп-21

             «Алматы» арнасы ұйымдастырған, жастар тәрбиесі жөніндегі «Шешімі бар» атты хабарға «Баспасөз және электронды БАҚ» кафедрасының ассистент профессоры Клара Қабылғазина қатысып, ұлттық университетте жастарға арналып жүргізіліп жатқан шаралар жөнінде әңгімелеп қайтты. Хабарды мына сілтемеден көруге болады:

https://youtu.be/RxBxoVej7lo 

Ары қарай оқу >>

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағы

17-ақп-21

Филология ғылымдарының кандидаты, профессор Клара Қабылғазинаның 70 жасқа толған мерейтойына орай «Цифрлық медиа және журналистика: білім берудің классикалық үрдістері мен жаңа талаптары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағы «Қазақ университеті» баспасынан жарық көрді. ( Алматы Қазақ университеті, 2020, 350 б). Жинақтың ғылыми редакторы 

-с.ғ.д., профессор Сұлтанбаева Г.С., жауапты редакторы- Phd, Ақынбекова А.Б. Жинаққа АҚШ тағы Колумбия университетінің профессоры Г. Кендірбайдың, Анкара университетінің профессоры Закир Авшардың, Өзбекстан әлем экономикасы және дипломатиясы университетінің профессоры Фатима Муминованың , сонымен қатар Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз университеті ғалымдарының мақалалары жарияланды.

 

Ары қарай оқу >>

ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАРМЕН БІРЛЕСКЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

16-ақп-21

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті ғалымдары шетелдік ғалымдармен бірлесе ғылыми мақалалар жазу ісін дамыту жолында игілікті істер атқаруда. Соның бір дәлелі - «Central Asian Journal of Social Sciences and Humanities”   атты университеттік халықаралық журналға Санкт-Петербург университетінің профессоры Галина Мельникпен шыққан «Problems of broadcasting news programs» атты мақала. Мақала авторлары : «Баспасөз және электронды БАҚ» кафедрасының ассистент профессоры Клара Қабылғазина, саяси ғылымдарының докторы, профессор Гүлмира Сұлтанбаева, PhD Айтолқын Ашимова және PhD  Алтын Ақынбекова.

Ары қарай оқу >>

Мақала жазудың майталманы

10-ақп-21

«The Qazaq Times» ақпараттық порталында журналист, контент-редактор болып қызмет атқаратын Жұматай Арай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2016-2020 жылдары «Журналистика» мамандығы бойынша білім алған. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті, Елбасы қоры стипендиясына ие бола жүріп, бакалаврды тәмәмдаған Арайды қазірде өзіндік жазу стилі қалыптасқан журналист деп атауға әбден болады. Оны курстастары «мақала жазудың майталманы» деп атайды. Факуьтеттің ғылыми шараларына да белсенді араласып, көетеген нәтижелерге қол жеткізген. Атап айтар болсақ:            

1.М.Барманқұлов оқулары аясында өткен «Жас мобильді репортер» атты ғылыми форумының «Ең үздік ғылыми жоба» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом иегері;

Ары қарай оқу >>

Таланттардың талабы шыңдала түсуде

10-ақп-21

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  журналистика факультеті кілең таланттарды шыңдайтын оқу орыны екені ежелден көпшілікке мәлім. Республиканың басқа оқу орындарынан  осы университетке түскісі келетін талапкерлер санының  жылдан жылға көбейе түскені де соның бір дәлелі.    

               Қазақ ұлттық университеті  журналистика факультетінің  магистратурасында оқитын Наргиза Аршидин 2019 жылы Сулейман Демирель атындағы университетінің журналистика мамандығын бітірген. 3 курстан бастап "Жұлдыздар отбасы" және "Аңыз адам" журналына мақалалар жазып, штаттан тыс жұмыс істей бастаған  талантты қызды  4 курста ресми түрде жұмысқа қабылдаған

Ары қарай оқу >>

Сүбелі сұқбаттар сыры

10-ақп-21

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультеті «Баспасөз және электронды БАҚ» кафедрасы студенттері мен магистранттарының қолдауымен университет жаңалықтарын таратумен щұғылданатын студенттік радионың жұмысы күннен күнге жанданыи отыр. Жас журналистер әр түрлі жанрларда жазуды меңгеріп, сүбелі сұқбаттарды еңсеруде. Мысалы, 3-курс студенті Жансая Жөкен Қазақстанның Еңбек Ері, №159 гимназияның директоры Аягүл Миразовамен сұқбаттасып, радио контентіне салмақты, салиқалы дүние қосты. Шәкірттің кейіпкеріне сұрақ қойысы, емін-еркін әңгімелесе алу деңгейі әжептәуір қалыптасып қалған.

Ары қарай оқу >>

"Qazaq Radiosy" 100 жылдығы және Бүкіләлемдік радио күніне арналған «Қолжетімді радио әр тұрғынға және барша халыққа: COVID-19 пандемияға қарсы күресте» VІІІ халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі

9-ақп-21

2021 жыл 11-13 ақпан аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті ұйымдастыруымен «Qazaq Radiosy» 100 жылдығы және Бүкіләлемдік радио күніне арналған «Қолжетімді радио әр тұрғынға және барша халыққа: COVID-19 пандемияға қарсы күресте» VIІІ Халықаралық журналистика және коммуникация Қысқы мектебі онлайн форматта өтеді.

2014 жылдан бері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы қолдауымен Бүкіләлемдік радио күніне арналған Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебін өткізіп келеді. Бұл шара білім алып жүрген жастар мен кәсіби журналистердің медиа алаңына айналды.

Ары қарай оқу >>