Алматыда экологиялық журналистика бойынша курс өтеді

11.03.2021

Көрулер: 3246

Ағымдағы жылдың 15 наурызынан бастап 19 наурызына дейін Алматыда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті экология саласында маманданған журналистер үшін оқыту курстарын өткізеді (бағдарлама қоса беріледі).

Оқыту курстары офлайн форматта келесі мекен-жай бойынша өтеді: Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 71/27. Қатысушылар «Экологиялық журналистика» курсын өткендігі туралы сертификаттар алады.

Тікелей көрсетілім Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Facebook-тегі https://www.facebook.com/KazakhNationalUniversity ресми парақшасында өтеді.

Құрметті журналистер, аталған курстан өтуге қызығушылық танытқан жағдайда, мына сілтеме бойынша тіркеуден өтулеріңізді сұраймыз: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSc8hs3nRVCrmaLkonDYTdNHa4ZOcpAaNUAWNRTJ8NSqS8gjvg/viewform?usp=sf_link.

Барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша келесі байланыс телефондарына хабарласуға болады: +77029857977, Ақмарал, +77029992277, Анель.

 

         Бағдарламасы.pdf