Бағдарламалар

Пандемиямен күрестегі радио қызметі

Дәстүрлі қысқы медиа мектеп жұмысын онлайнда өткізді. "Qazaq Radiosy" 100 жылдығы және Бүкіләлемдік радио күніне арналған «Қолжетімді радио әр тұрғынға және барша халыққа: COVID-19 пандемияға қарсы күресте» тақырыбында VІІІ халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі әлемнің жеті елінің басын қосқан халықаралық шара. Факультет деканы С. Медеубек 100 жылдық төл радионың қоғамдағы шұғыл апарат тарату қызметін ерекше атап өтті. Ол Нұр-Сұлтан қаласынан "Қазақ радиолары" ЖШС Бас директоры Ернұр Бурахан бастаған радио ұжымы, еліміздің өңірлерінен, Еуропа, АҚШ, Ресей, Қытай, Ауғанстан, Вьетнам, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен қатысқан практик мамандарды, журналистика факультеті студенттері мен оқытушы-ғалымдарды радио күнімен құттықтады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы қолдауымен Бүкіләлемдік радио күніне арналған Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебін өткіуді дәстүрге айналдырды. Бұл шара жаһандық раддиа күнін атап өту картасынан орын алған. Содай-ақ білім алып жүрген жастар мен кәсіби журналистердің медиа алаңына айналды.

Биыл ҚазҰУ ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік радио күнін: «Жаңа әлем. Жаңа радио. Эволюция. Инновация. Тоғысу» атты тақырыптарын қолдады. 2021 жылы ЮНЕСКО ғасырлық тарихы бар радиостанцияларға оныншы рет аталатын халықаралық күнді атап өту ұсынылған болатын. Биылғы радио күнін атап өту үш тақырыпқа негізделді:

Даму. Әлем өзгереді, радио дамиды. Бұл тақырып радионың түрлі трансформацияға тұрақтылығы мен өміршеңдігін ерекше танытады.

Инновациялар. Әлем өзгереді, радио инновацияларға иемді және оларды өмірге енгізеді. Кез келген адамға қолжетімді мобильдік ең жоғары ақпарат құралы ретінде радионы жаңа технологиялармен жабдықтауға тура келеді.


Өзара байланыс. Әлем өзгереді, радио адамдарды байланыстырады. Бұл тақырып табиғи апаттарда, әлеуметтік-экономикалық дағдарыстарда, эпидемияларда радионың арқасында қоғам бұл оқиғаларды тыңдай алады.

Радионың адамзатты ағарту мен ақпараттандырудың теңдессіз құралы екендігін атап өткен Ернұр Көшерханұлы, 100 жылдықтың аясында әуе толқынында тыңдарманына жол тапқан жаңа бағдарламалар туралы ерекше атап өтті. Пандемия жағдайында журналистерге шығармашылық мүмкіндіктің берілуі радио ісін ұйымдастырудың жаңа менеджменті әрі қашықтан радио жұмысын ұйымдастырудың оң кейсі деп атады.

Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы маманы Сергей Карпов Бүкіләлемдік радио күнінің жаһандық күн тәртібін атады. "Жаңа радио. Эволюция. Инновация. Тоғысу». ЮНЕСКО көтерген басты тақырыптар аясында радионың төтенше жағдайдағы адамдардың өміріне араша, қатерге тосқауыл боларлық күші аталды. ҚР БҰҰ Жаһандық коммуникация департаменті өкілі Властимил Самек репортерлердің локдаун күндеріндегі жұмысын ерлікпен теңеді. Жұқпалы аурумен күресте радио шынайы ақпарат таратудың шұғыл, сенімді, бұқаралық құралы саналды. Осы ретте "Қазақ радиоларлы" ЖШС толқынында үздіксіз тараған COVID-19 пандемиясы кезіндегі жалған ақпаратпен күрестегі ақпараттық күресін ерекше атады. Медиа шараның спикерлері қатарында Колумбия университетінің профессоры Гүлнар Кендірбай , Комениус университетінің профессоры Владимир Бацисин, Алтай мемлекеттік университетінің журналистика теориясы мен практикасы бөлімінің меңгерушісі, профессор Елена Васильевна Лукашевич, Ж.Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің журналистика факультетінің деканы Дүйшекеева Айна Талғарбекқызы, Өзбекстан Мемлекеттік Әлем Тілдері Университетінің Халықаралық журналистика факультетінің деканы Амрулло Каримов, Тәжікстандағы Славян университеті доценті Шаходат Сайбназарова қатысып, ұлттық радионың дамуы жайлы көз сөйледі.


Мәресіне жеткен шараның қорытындысы ретінде, Орталық Азия университетттері журналистика ғалымдары медиа нарықтағы ортақ үрдістер мен ұлттық даму моделін саралатайын ғылыми-талдамалық журнал шығаруды ұсынды. Еуразиялық кеңістіктегі медианың өзекті мәселелері, қоғамдық талқылаулары мен озат кейстерін талдау, сараптау журналдың басты бағыты болмақ.

2019 жылы 23 қарашада Бүкіәлемдік Теливезия күні аясында Ташкенттегі ЮНЕСКО қолдаумен өткен семинарда көпвекторлы ынтымақтастықты арттыру және интеграциялау мақсатында Орталық Азия университеттері журналистика және коммуникация ассоциациясы құрылып, алғаш төрағалықты Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті журналистика факультеті атқарып, 2021 жылы бұл миссия әл-Фараби атындағы Қзаақ ұлттық университеті журналистика факультетіне табысталды.

Аталмыш қысқы мектеп жұмысы ЮНЕСКО деңгейінде аталатын Бүкіәлемдік радио күніне халықаралық деңгейде үлес қосып отыр.


 

 

 


 

#WorldRadioDay #QazaqRadiosy100#WSJC2021 #WeAreDiversity

VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКАЖƏНЕ КОММУНИКАЦИЯ ҚЫСҚЫ МЕКТЕБІРесми хэштэгтер:#WorldRadioDay #QazaqRadiosy100 #WSJC2021#WeAreDiversity
11-13 ақпан 2021 ж. 2021 жыл 11-13 ақпан аралығында əл-Фа-раби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факульте-тінің ұйымдастыруымен «Qazaq Radiosy» 100 жылдығы жəне Бүкіл-əлемдік радио күніне арналған «Қолжетімді радио əр тұрғынға жəне барша халыққа: COVID-19 пандемияға қарсы күресте» VIІІ Халық-аралық журналистика жəне коммуникация Қысқы мектебі онлайн форматта өтеді.
2014 жылдан бері əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универси-теті Алматы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы қолдауымен Бүкілəлем-дік радио күніне арналған Халықаралық журналистика жəне комму-никация қысқы мектебін өткізіп келеді. Бұл шара білім алып жүрген
жастар мен кəсіби журналистердің медиа алаңына айналды.ҚазҰУ ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік радио күнінің: «Жаңа əлем. Жаңа радио. Эволюция. Инновация. Тоғысу» атты тақырыпта-рын қолдайды.
2021 жылы ЮНЕСКО ғасырлық тарихы бар радиостанцияларғаоныншы рет аталатын халықаралық күнді атап өтуді ұсынады.Биылғы радио күнін атап өту үш тақырыпқа негізделеді:ДАМУ. Əлем өзгереді, радио дамиды. Бұл тақырып радионың
түрлі трансформацияға тұрақтылығы мен өміршеңдігін ерекше та-нытады.
ИННОВАЦИЯЛАР. Əлем өзгереді, радио инновацияларға икемді жəне оларды өмірге енгізеді. Кез келген адамға қолжетімді мо-бильдік ең жоғары ақпарат құралы ретінде радионы жаңа техноло-гиялармен жабдықтауға тура келеді.
ӨЗАРА БАЙЛАНЫС. Əлем өзгереді, радио адамдарды байла-ныстырады. Бұл тақырып табиғи апаттарда, əлеуметтік-экономика-лық дағдарыстарда, эпидемияларда радионың арқасында қоғам бұл оқиғаларды тыңдай алады.

 


БАҒДАР.pdf

https://mail.google.com/mail/u/1/?pli=1#inbox/FMfcgxwLsSjlLntGKFNbnTkmQWqBHRpl?projector=1