Іс-шаралар

«Баспа ісі және медиадизайн: қазіргі трендтер, проблемалары және келешегі»

28.03.2021

2021 жылдың 8-сәуірінде сағ.14.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетіндегі Ә.Ыдырысов атындағы аудиторияда қазақ баспасөзі безендіру ісінің негізін қалаған көрнекті ғалым, ұстаз, жазушы, публицист, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Әбілфайыз Ыдырысовты еске алуға арналған «Баспа ісі және медиадизайн: қазіргі трендтер, проблемалары және келешегі» атты халықаралық ғылымитәжірибелік онлайн-конференция өтеді. 

Ары қарай оқу >>

«ТЕМІРБЕК КОЖАКЕЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ САТИРАЛЫҚ ПУБЛИЦИСТИКАСЫ»

28.03.2021

2021 жылдың  23-сәуірінде сағат 11.00-де  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетіндегі Е. Шәймерденов атындағы аудиторияда IX Қожакеев оқулары аясында   «ТЕМІРБЕК КОЖАКЕЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ САТИРАЛЫҚ ПУБЛИЦИСТИКАСЫ»  атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтеді. 

Ары қарай оқу >>

2021 жылдың 12-мамырында студенттер мен жас ғалымдарға арналған «Бекқожин оқулары» аясында ең үздік студенттік теле-жобаларға, тележурналистика мен радиожурналистика және электронды БАҚ, заманауи бұқаралық коммуникация құралдары, сандық технология салалары бойынша ұсынылған ғылыми-зерттеу

28.03.2021

2021 жылдың 12-мамырында студенттер мен жас ғалымдарға арналған «Бекқожин оқулары»  аясында ең үздік студенттік теле-жобаларға, тележурналистика мен радиожурналистика және электронды БАҚ, заманауи бұқаралық коммуникация құралдары, сандық технология салалары бойынша ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмыстарына байқау жарияланады. 

Ары қарай оқу >>

"Адалдық сөресі"

28.03.2021

Журфактағы тағы бір алаң "Адалдық сөресі" деп аталады. Бұл сөреде студенттер қызыға оқитын кітаптар тұрады. Сабақтан бос кезде сөреден таңдаған кітабын алып оқиды да орнына қайтадан қойып қойады. "Өзгелер оқыса" деген кітабы болса, оны да қосып қояды.
Бұл сөре мерейтой иелерінің кітаптарымен де толығып тұрады. Мысалы, биыл ұстазымыз Намазалы Омашевтің, әріптестеріміз Қоңыр Мұқатайқызының, Молдахан Абдраевтың, Нұржан Қуантайұлының мерейтойлары өткенде де көрме ашу рәсімінен кейін осы "Адалдық сөресіне" келіп жұрттың көзінше өздерінің жаңа шыққан кітаптарын тапсыру салтанаты болды. Бұл дәстүрге айналып келеді.
Айтса да, бұл алаңда бұрын керегені тұтас көмкерген салақұлаш сабақ кестелері жабысып тұратын. Біз оларды алып тастадық. Өйткені,Сабақ кестесі қазір әркімнің жекепоштасында да, универ жүйесінде де тұр. Керек кезде содан-ақ көре салады. Ал, әлгі сабақ кестесі жапсырмаларының орнына біз телевизор қойдық. Мұнда үнемі әлемдік, отандық және университеттік ақпараттар, сонымен қатар тарихи танымдық, рухани тағылымдық бейнежазындар үнемі көрсетіліп тұрады.
Алаңда студент сабақтан бос кезде өзінің ноутбугін немесе телефонын қуаттандырып алады да сол жерде тұрып кәмпитүрін ашып, сабаққа дайындалып алуына да мүмкіндік жасалған.
Дәл осы алаңның баспалдақтар жағындағы екі ұстынға ақпараттық көрсеткіш-бағыттағыш тақта да жасадық Тұңғыш кірген адам біздің қабаттың қай жерінде қандай дәрісхана немесе бөлме, кабинет барын бірден тауып алады. 

Ары қарай оқу >>

"Қайырылымдылық алаңы"

28.03.2021

Сіздерді тағы бір алаңмен таныстырайын. Ол "Қайырымдылық алаңы" деп аталады. Бұл фойе бұрын әншейін бос тұрған.Бос тұрмасын дедік. Студенттерге білім беру мен тағылым үйрету ісіне пайдаланылсын дедік. Дедік те керегелерін тегістеп (гипсокартонмен), левкастап, екі жақтағы қабырғаларға Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Ахмет Байтұрсынұлының, Міржақып Дулатовтың тұлғаттарын заманауи затындарға салып, астына олардың ұлағатты сөздерін жазып қойдық. Екі қабырғаға ұзын сөре жасадық.
Онда студенттер сабақтан бос кезде өздерінің ноутбуктерін, телефондарын қуаттандырып алады да уақыты болса сабаққа дайындалады немесе жаңа ақпараттармен танысады. Арнайы үстөл және орындықтар қойылған. Онда дем алады, сырласады.
Кімде кім қайырымдылық жасағысы келсе, осы алаңға келеді. Осында өзгелерге өнеге болсын деп жұрттың көзінше қайырымдылық акциасын жасайды. қайырымдылықтың бір түрі тегін кітап сыйлау . Бұл алаңда мерейтой иелері өздерінің жаңа шыққан кітаптарын студенттерге тегін таратты.

Ары қарай оқу >>

Белгілі сыншы, танымал журналист Сағат Әшімбаев атындағы оқу-зертханалық аудиториясы

28.03.2021

Маған жиі қойылатын сұрақтың бірі - факультетте не жаңалық?Сол сұраққа әлеуметтік желі арқылы жауап беруді жөн көрдім.Соңғы алты-жеті жылда факультет білім беру мен ғылыми зерттеу ісін жетілдіру үшін өзінің затындық-техникалық негізін жақсартуға көңіл бөлді. Заманауи технологиямен жабдықталған атаулы дәрісханалар жәй дәріс оқу үшін ғана емес назарияны (әл-Фараби қолданған термин, теория деген мағына береді) амалиатпен (бұл да әл-Фараби қолданған термин, практика деген мағына береді) ұштастыра білім беру мен ғылыми зерттеуді жүзеге асыруға арналды. Солардың бірі - 2014 жылы ашылған қоғам және мемлекет қайраткері, сыншы, әйгілі замансөзгер Сағат Әшімбаев атындағы аудитория. Мұны біз енді қара шаңырағымыз ғылыми- зерттеу университеті болуға бет алғанда білім беру мен ғылыми ізденістер зертханасы жасамақпыз. Білім беру, зерттеумен қатар ең бастысы тәлім-тәрбие беру де басты назарда. Сағат Әшімбаевтай тұлғаның өмірі мен шығармашылығынан тағылым беретін бұл зертханада студенттер заманның тамырын дөп басып, ұлтының келешегі үшін қызмет етудің жарқын үлгілерін үйренеді. Телезамансөздің тарихын, назариясын, амалиатын зерттейді. Тәжірибеге енгізеді.

Ары қарай оқу >>

"Қазақстан" Ұлттық арнасына арналған оқу-зертханалық аудитория

28.03.2021

Факультет жұмыс берушілермен тығыз байланыста болуға қаншалықты мүдделі болса, олар да факультетпен қарым-қатынасты нығайтуға соншалықты мүдделі. Өйткені, факультет оларға білікті , кәсіби құзыретті маман даярлауға міндетті болса, осы үдеріске жұмыс берушілер де атсалысады. Оқу бағдарламаларын құрарда жұмыс берушінің сұранысы мен қажетілігі міндетті түрде ескеріледі. Олар нені үйрету керек, қандай құзыреттіліктерді ескеру керек екенін айтып қана қоймайды, өздері де сол кәсібилік талаптарын орындауға араласады.
Осындай қарым-қатынастарды, яғни білім беру мен ғылыми ізденістерді кәсіби әрекеттермен ұштастырып отыру мақсатында ашылған дәрісхананың бірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы білім беру және ғылыми ізденістер зертханасы.
Бұл зертханада студенттер, магистранттар, докторанттар, жас ғалымдар тележурналистиканың тарихы, теориясы, тәжірибесін оқып қана қоймай, ғылыми- зерттеу ісімен де айналысады. Зертхана «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының құрылғанына 60 жыл толуына орай ашылған болатын.

Ары қарай оқу >>

Танымал журналист Жұмабек Кенжалин атындағы оқу-зертханалық аудитория

28.03.2021

 

Осыдан он жыл бұрын журфакта жеке баспасөз кабинеті -оқу залы бар болатын. Оқу залында барлық мерзімді басылымның соңғы сандарының тігінділері қатталып тұратын. Студент те, оқытушы да сабаққа керегін сол жерден табатын. Кей тігінділерді жаздырып алып дәрісханаға апарып сабақ өтетін кей ұстаз. Қалашығымызда Орталық Азияда теңдесі жоқ кітапхана ашылды да барлық факультеттердегі оқу залдары сонда тоғытылды. Біздің де оқу залымыз соның ішінде кетті.

Ары қарай оқу >>

"ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ ШЕҢБЕРІНДЕ»

27.03.2021

Жаһандық климаттың өзгеруі және жергілікті экологиялық проблемалар журналистер үшін бес күндік курстың негізгі білім беру траекториясына айналды. Елуден астам БАҚ мамандары экологиялық салада маманданған журналистерге арналған дәрістерді тыңдап, экологиялық білімдерін арттырды.
Аталған курс 2020 жылы жасалған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру шеңберінде өткізіледі.
Аталған іс-шара экологиялық мәселелерді БАҚ-та жариялау, экологиялық білім беру және тәрбиелеу, қалдықтарды кәдеге жарату, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті арттыру және т. б. тақырыптарды талқылау үшін ғалымдар, журналистер мен экологиялық сала еріктілерінің басын қосты.
Экологиялық сауаттылықты арттыру, экологиялық мәселелер тақырыбына журналистік материалдарды дайындау бойынша медиа құралдарды игеру модулі шығармашылық кешенді қамтыды.

Ары қарай оқу >>

Draft program of the party "Alash"

26.03.2021

First of all, we need to become a Democratic, Federal Republic. (The meaning of democracy is that the state is governed by the people. The meaning of the federation is the unification of the states of the same age. In the Federal Republic, each state has its own foundation and solidarity. Each of them carries its own reins).

Ары қарай оқу >>