Іс-шаралар

"ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ ШЕҢБЕРІНДЕ»

24.03.2021

Жаһандық климаттың өзгеруі және жергілікті экологиялық проблемалар журналистер үшін бес күндік курстың негізгі білім беру траекториясына айналды. Елуден астам БАҚ мамандары экологиялық салада маманданған журналистерге арналған дәрістерді тыңдап, экологиялық білімдерін арттырды.
Аталған курс 2020 жылы жасалған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру шеңберінде өткізіледі.
Аталған іс-шара экологиялық мәселелерді БАҚ-та жариялау, экологиялық білім беру және тәрбиелеу, қалдықтарды кәдеге жарату, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті арттыру және т. б. тақырыптарды талқылау үшін ғалымдар, журналистер мен экологиялық сала еріктілерінің басын қосты.
Экологиялық сауаттылықты арттыру, экологиялық мәселелер тақырыбына журналистік материалдарды дайындау бойынша медиа құралдарды игеру модулі шығармашылық кешенді қамтыды.

Ары қарай оқу >>

Поэзия сағаты

24.03.2021

Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы дәстүрлі түрде әр апта сайын "Поэзия сағатын" өткізеді. Журналистика саласына Поэзияның қандай қатысы бар деген ой сізді мазалауы бек мүмкін. Алайда, болашақ журналистер үшін Поэзияның алар орны орасан зор. Себебі, білікті журналист жазу машығын қалыптастыру үшін, ойын жүйелі түрде жеткізе алу үшін, ойлау жүйесін неғұрлым кең арнаға бұру үшін, Поэзияның тілі өте қажет. 

Ары қарай оқу >>

Білікті журналист

19.03.2021

Қазіргі таңда Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы көптеген мардымды шараларды өткізіп келеді. Әсіресе, журналистика саласының өзектілігі турасында біршама шаралар өткізілді. Аталмыш саланың қай кезде де маңызы зор. Жаһандану дәуірлеу заманында ақпараттар ағымын жедел түрде сараптап, талдап, оқырман қауымға ықшамдап жеткізу - журналистің біліктілігіне байланысты. Журналистің қай салада да ақпараты болуы тиіс.  

Ары қарай оқу >>

Алаш арыстары

18.03.2021

Жер бетінде әр ұлттың өзіндік тарихы, мәдениеті, әдебиеті, руханияты болады. Қазақ елінің тарихы, мәдениеті, әдебиеті, руханияты өте бай әрі терең. Ежелден тектілік пен бекзаттылықты бойына дарытқан қасиетті халық адамгершілік пен намыс жолында сандаған күрестерден өтті. Ұланғайыр байтақ өлкесіне көзін алартқан атанәкес дұшпандар тұтқиылдан тап бергенде, қазақтың жоян ұлдары бес қаруын асынып, аруақтанып, майданда қаш кешті. Бұл ерлік қазіргі таңдар өр ұрпақтарына үлкен өнеге болып қалды. 

Ары қарай оқу >>

Мақал - сөздің мәйегі

17.03.2021

Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік мәдениеті, руханияты, тәлімгерлік дүниесі мен ғибратты өнегесі терең дамыған. "Аталы сөз айтсаң, атаңның құнын кешетін" атайы ер "білектінің бірді жығатынын, білімдінің мыңды жығатынын" ықылым замандардан бері білген. Қазақ халқымыздың "ауыздыға сөз бермейтін, аяқтыға жол бермейтін" от тілді, орақ ауызды, сөзге ділмәр шешендері қаншама ғасырлардың қойнауынан қаншама құнды қазыналарды аршып алып, саф күйінде өскелең ұрпағына аманаттады. Қазақтың қаншама  өрге шабатын өрен жүйрік, өргек ақындары "жүрегінің түгімен, табанының бүрімен" сұрапыл соғыста жауынгерлерді жасын жырларымен рухтандырып, кірмембес шерікті ұлы рухпен тойтарды. Бұл - халқымыздың сарқылмайтын қазынасы. Сарқылмас қазынаның ішінде қай кезде де өзектілігін жоғалтпайтын қасиетті мақал-мәтелдердің орны тіпті бөлек. Бір ауыз сөзбен күллі адамзат ғұмырының астарлы әлемін бейнелейтін мақалдың құдіреті ерекше. Пайымы мен парасаты кең киелі еліміз үнемі мақалдап, мәтелдеп, көркем тілмен сөйлеген. 

Сондықтан да, болашақ журналистердің тілі бай, шұрайлы, оралымды, ырғақты болуы үшін, мақал-мәтелдерді көптеп білу міндет десем, артық айтқандық емес. "Көре-көре көсем болып, сөйлей-сөйлей шешен болған" киелі халқымыздың аманаттап қалдырған әрбір мағыналы, мәнді мақал-мәтелдерін ұмыт қалдырмас үшін, Біз, Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы келесі шараны мақал-мәтелдерге арнап, "Мақал-сөздің мәйегі" атты тақырыпта пікірталас өткізуді мақсат тұттық. Аталмыш шара наурыз айының 19 жұлдызында сағат 14.00-де өтеді. Қатысамын деушілерге онлайн есік ашық!

Ары қарай оқу >>

Отан оттан да ыстық

17.03.2021

Патриоттық сезім дегеніміз не? Біз қаншалықты Отанымызды сүйеміз? Ұлттық рухты қалыптастыру үшін не істеу қажет? Өскелең ұрпағының амандығы үшін жанын құрбан еткен мелжемді, жоян батырларымыздың ерен ерлігін қаншалықты санамызға сіңіріп келеміз? Баларқалы, байтақ даламызда, байдалы найзаның ізі қалған ұланғайыр өлкемізде көгілдір туымыз желбірген сол бір сәтте біз не сезінеміз? Рухани байлық дегеніміз не? 

Міне, осындай терең де мазмұнды сауалдардың тың жауаптарын білгіңіз келсе, "Отан оттан да ыстық" атты онлайн шараға қатысуыңызды сұраймыз!

Шара 2021 жылдың 18 наурызында сағат 14.00-де өтеді.

Келем деушілерге онлайн есік ашық!

Ары қарай оқу >>

"Әл-Фараби және қазақтың музыкалық аспаптары"

13.03.2021

Сағатбек Медеубекұлы таяуда Қазақ университеті баспа үйінен "Әл-Фараби және қазақтың музыкалық аспаптары" кітабы жарық көрген болатын. Осы зерттеу жұмысын қашан оқимын деп жүр едім. Міне, мейрам қарсаңында сәті түсті. Авторына көп рақмет. Оқимын, пікір жазамын! Арулар, мейрам құтты болсын!

Ары қарай оқу >>

ҚҰТТЫ БОЛСЫН

13.03.2021

Әйелдер мейрамы қарсаңында кафедрамыздың аға оқытушысы, университеттің Корпоративтік БАҚ және қоғаммен байланыс басқармасының жетекшісі Гүл Құттыбекқызы Баяндина ханым Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мейірім" төсбелгісімен марапатталды.
Гүл Құттыбекқызы еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз!
Шығармашылық табыстар тілеймін!

Ары қарай оқу >>

https://crello.com/invite/60468179a637ee11e349237c...

13.03.2021

101-ші кураторлық тобыммен мерекелік кешті Олжас пен Батыржан тың форматта өткізді. Құттықтау орнына қызықты тест, өлең айтпас бұрын жол белгілері бойынша айтылатын репертуарды таңдау, музыкалық үзіліс, құттықтаулар... Студенттердімді аудиторияда, оқу залдарында көргім келді. Дарынды да, білімді, озат жастар қашықтан оқудың өзінен де позитив пен креативті көре білген менің тобым аман болсын! Сіздерді университетте асыған күтеміз!

Ары қарай оқу >>