Тәуелсіздігіміздің 30-жылдығы

Тәуелсіздік күні - ұлы күн

09.12.2021

  • Қазақстанның әрбір азаматы тәуелсіздік қарсаңында 1991 жылдың 16 желтоқсанын еске алады. Көзді ашып жұмғанша 30 жыл да зымырап өтті. Бұл  Қазақстан мемлекетінің тарихындағы ойып тұрып орын алған ұлы жеңістің бірі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап өткендей: "Отанымыздың тағдырына жол ашқандардың бәріне Тәуелсіздік күні - ұлы күн!". Шынында да, бұл жай ғана мереке емес, Қазақстанда тұратын барлық халықтардың еңбекқорлығы мен достығының нәтижесі. 

Ары қарай оқу >>

Тәуелсіздіктің белгісі

09.12.2021

Тәуелсіздік- ұлы халықтың ғасырлар бойы көрген қасіретінің, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігінің, таптырмас рухтың, жарқын болашаққа деген ұмтылыстың жемісі. Өз тілін, рәміздерін, жерін, мәдениетін, әдет-ғұрыптарын, Ата заңын еркін түрде қолданысқа енгізуге мүмкіндік беретін бостандық – тәуелсіздіктің белгісі. Яғни, бүгінгі күні Қазақстанның құзіретінде бар қазына.

Ары қарай оқу >>

Тәуелсіздік-бүтін бір елдің ынтымақ-бірлігі, еркіндігі

09.12.2021

Тәуелсіздік деген мен үшін өзіңнің елтаңбаң, туың, ана тілің болу ғана емес. Тәуелсіздік-бүтін бір елдің ынтымақ-бірлігі, еркіндігі. Тәуелсіздік алғанымызға да 30 жылдың жүзі болды. Осы 30 жыл ішінде Қазақстан және оның халқы айтарлықтай жетістіктерге жете білді. Әлеуметтік, саяси, қоғамдық, рухани, мәдени жағынан болсын еліміз өз еншісін алып, әлем тарихы сахнасында өзіндік беделге, мәртебеге ие болып, әлі күнге дейін дамып келеді.

Ары қарай оқу >>

Тәуелсіздіктің бізге берген сыйын ұмытпаймыз

09.12.2021

Тәуелсіздік бізге не берді? Тәуелсіздік бізге бостандық берді, еркіндік берді. Алаңсыз ойнап күлуімізге себепші болды. Өз жерімізде екенімізді, Қазақтың ұрпағы екенімізді сездіре алды. Көк туымызды желбіретті... Келешек ұрпақтың, мына біздің тәуелсіз елде өмір сүруіміз үшін талай қазақ баласы аянбай еңбек етті. Ол жерде біреудің әкесі, біреудің ағасы болды. Тіпті нәзік жанды әпкелеріміз де болды. Соңғы күш-жігері қалғанша күресті. «Әйелдің қырық жаны бар» деген сөз осыдан кейін шықты ма дерсің.

Ары қарай оқу >>

"Тәуелсіздік бізге не берді?"

09.12.2021

Тарихы тереңде жатқан елімнің бостандық бақытына кенеліп, аспанында күні күліп, жұлдызы жарқыраған мамыражай мезгілге жеткеніне биыл 30 жыл. XXI ғасыр табалдырықтан аттай бергенде дүние есігін ашып, балғын балалық шағын азат елдің абат даласында өткізген мен үшін Тәуелсіздік күні айрықша маңызды мереке. Себебі тоқсаныншы жылдарда туған аға-әпкелер Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш перзенттері болғанмен, біздің буын – нағыз жаңа заман жастары.

Ары қарай оқу >>

Отан - әлемдегі барлық адамдар үшін маңызды және қымбат сөз

09.12.2021

Отан - әлемдегі барлық адамдар үшін маңызды және қымбат сөз. Әр адамның Отан туралы өз түсінігі бар. Осы сөздің астарында мен өз отбасымды, өз қаламды, туған мектебімді, бүкіл ауқымды елімізді түсінемін.

Тәуелсіздік күні - Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі. Бұл күн елімізде жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтіледі.

Ары қарай оқу >>

Тәуелсіздік – ата-бабамыз ұмтылған, аңсаған күн

29.11.2021

   Тәуелсіздік – ата-бабамыз ұмтылған, аңсаған күн. Алты алаш жұрты армандаған, қаншама күш, еңбек, тер, төзіммен келген ұлы күн. Тәуелсіздік – егеменді елдің болшағын бағамдайтын ұлы жеңіс.

   Әрине, біз тәуелсіздік сөзіне ерекше мән беріп, өз шығармаларымызда тебірене жазып, арнаулы мереке ретінде атап өтіп, болжанбас күйге бөленеміз. Дегенмен, сол сөздің қадірін-қасиетін түсініп, байыбына бара зерттейтіндер неге аз? Әлбетте, өз заманының даңқты, дара зерттеушілері, тұлғалары бұл тақырыпта сөз қозғамай қойған емес. Біздің айтып отырғанымыз, дәл қазіргі өзімдің қатарластарымыз, яғни, жастар.

Ары қарай оқу >>

Тәуелсіздік - киелі ұғым

29.11.2021

Қазақ кең сахара төсін емін-еркін кезген тәуелсіз ел. Түбі-түркі, түлігі- жылқы. Тағдырдың тәлкегі мен өмір тезіне түсіп, бодан қамытын кисе де, еш уақытта жігері жасып, сағы сынған емес. Ләйім жасымай-ақ қойсын.

Тәуелсіздік - айтуға жеңіл болғанымен, салмағы табыттан да ауыр сөз. Әр ұлттың тәуелсіздігінің артында есепсіз құрбандық пен қыршын боздақтардың қаны тұр. Ал сол тәуелсіздікті көз қарашығындай қорғап, кейінгі ұрпаққа аманаттау әр буынның парызы. Тәуелсіздік үшін күресу, тәуелсіздік жолында ыждаһатты еңбек ету әр отан перзентінің абыройлы борышы.

Ары қарай оқу >>