ДӘСТҮРЛІ "БАРМАНҚҰЛОВ ОҚУЛАРЫ"

12-нау-21

Көрулер: 1395

2021 жылдың 4 наурызында сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетіндегі Е. Шәймерденов атындағы аудиторияда ХХ Барманқұлов оқулары аясында өтетін «ХХІ ғасырдың жаңа медиа ландшафты» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтеді.

Конференция бағыттары:

• Қазақ журналистикасының заманауи дамуы;

• БАҚ технологиялары мен тенденциялары;

• Жаңа медиа - цифрлық дәуірдің қиындықтары;

• Ақпараттық мәдениет: мәселелері мен болашағы;

• БАҚ кадрларын даярлау мәселелері;

• Профессор М.К.Барманқұловтың шығармашылығы, зерттеулері және мұралары.

 

«ХХI ғасырдың жаңа медиа-ландшафты» атты Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция дәстүрлі «Барманқұлов оқулары» аясында өткізіледі. Конференцияға М.Қ.Барманқұловтың туыстары мен достары, әріптестері, шәкірттері, журналистика және бұқаралық коммуникация зерттеушілері, журналистика факультетінің оқытушы-профессорлары, БАҚ мамандары, студенттер мен магистранттары және докторанттар қатысады.

Қосымша ақпарат:

Марат Кәрібайұлы Барманқұлов (1937-2000) – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетінде 35 жылдан астам қызмет етті. 1965 жылдан бастап ол кафедраның ассистентінен филология ғылымдарының докторы, профессор, Журналистика факультетінің күндізгі және сырттай факультеттерінің деканына дейін өсті. 1991 ж. - республикалық «Казахстанская правда» газеті редакторының бірінші орынбасары болды.                  М.К. Барманқұловтың алғашқы кітаптары «Репортаж на радио и ТВ» (1970), «Весь мир у вас в квартире» (1972), сонымен қатар «Журналистика для всех» еңбегі қазіргі студенттер мен жас журналистеріне арналған анықтамалық. Марат Кәрібайұлы Барманқұлов - Қазақстан Журналистика Академиясының академигі, көрнекті ғалым, тележурналист, журналистика және бұқаралық коммуникация, мәдениеттану және түркітану бойынша көптеген кітаптардың авторы.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, с.ғ.д., профессор               Г.С. Султанбаева тел.: +77272211492, моб.: +77011527488, +77073777049

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының профессор: Барлыбаева Сауле,

моб: 8-777-338-61-32      

Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары, PhD А.Б.Ақынбекова, тел.: +77272211351, моб.: +77772750861

Оқытушы: Елғондинова Аружан Дидарқызы

Конференцияның жеке идентификаторы 255 561 2377

Код : 4E4CM3