Студенттерге ғылыми зерттеулер бойынша ақпарат

Студенттерге ғылыми зерттеу бойынша ақпарат

Студенттердің, магистранттардың, докторанттардың ҒЗЖ қатысуы:

Журналистика факультетінің Phd докторанттары Әлім Эльмира, Жәнібек Әзел, Истибаева Диляра, Есенбек Жұмағали 2010 жылдың 21-29 қазан аралығында Оклохома мемлекеттік университетінің Джек Хадсон «Жаңалықтар қызметінің жұмысын ұйымдастыру» курсы бойынша дәріске қатысты. Ағылшын тілінде жүргізілген дәріс қорытындысы ғылыми жинақтарға ұсынылды.

2010 жылы «Әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдары, бизнес» бөлімі, «050504– журналистика мамандығы» бойынша Республикалық деңгейдегі конференция женімпаздары қатарына Қалым Жәнібек «Ұлттық журналистика мәселелері» (3-курс) тақырыбы бойынша республикалық конференцияда ҚР Білім және ғылым министрлігінің ІІ дәрежелі дипломына ие болды. 2011 жылдың 28 мамырында факультеттің 4-курс студенті Қалым Жәнібек әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Зерттеуші – жас ғалым» дипломымен марапатталды.

2010 жылдың қыркүйегінде 3-курстың үздік студенті Назерке Жұмабай Тұңғыш Президент қоры және Елбасы шәкіртақыларының иегері атанды. Назерке А. Егеубай атындағы ғылыми жобалар сайысының жеңімпазы, «Айгөлек»журналы және «Ақ босаға» газетінің тілшісі, мақалалары респубикалық басылым беттерінде жарияланып тұрады.

Биылғы 2011 жылғы оқу жылы бойынша «Әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдары, бизнес» бөлімі, «050504– журналистика мамандығы» бойынша 2011 жылғы СҒЖЗ байқауына 12 жұмыс келіп түсті (12 студент, 12 ғылыми жетекші). Студенттердің ғылыми жұмыстарын қарастыра отырып, ЖОО-ның байқау комиссиясы Ғылым және Білім Министрлігінің 1-ші дәрежелі дипломына журналистика факультеті 3 курс студенті Богусбаева Құралайды (тақырыбы: «Қазақстандық телепродюсерлердің артықшылықтары мен кемшіліктері»); Ғылым және Білім Министрлігінің 2-ші дәрежелі дипломына 4 курс студенті Әлқожа Бауыржанды (тақырыбы: «Қазақ баспасөзіндегі жастар шығармашылығы: ізденістері мен талпыныстары») және 1 курс студенті Даден Айгүлді (тақырыбы: «Шәкәрім шығармаларындағы публицистика»); Ғылым және Білім Министрлігінің 3-ші дәрежелі дипломына 3 курс студенті Бүйенбаева Заринаны (тақырыбы: «Журналистің сөйлеу мәдениеті») ұсынды.

2011 жылдың 8 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде «050504 – Журналистика» мамандығы бойынша жоғары оқу орындары арасындағы Республикалық пәндік олимпиадасы болып өтті. Нәтижесінде, 1-ші орын үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің І дәрежелі дипломымен журналистика факультетінің 3-курс студенті Богусбаева Құралай, 2-ші орын үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ІІ дәрежелі дипломымен журналистика факультетінің 2-курс студенті Меймеш Үмбетәлі марапатталды.

2011 жылдың 18 сәуірінде журналистика факультеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай «Ғылым әлемі» Жас ғалымдар және студенттердің V Халықаралық конференциясын өткізді. Журналистика факультеті 4 секция бойынша жұмыс жасады. Халықаралық конференцияға факультеттен 270 студент пен магистранттар қатысты. Конференцияда PR-дағы этика, баспа ісі маркетингі, кітап оқылымының төмендеуі: себептері мен салдарлары, телевизиядағы ток шоу, журналист этикасы т.с.с. тақырыптар ең басты назарда болды. Нәтижесінде, І дәрежелі дипломмен 1-курс магистранты Байғожина Дана; ІІ дәрежелі дипломмен 2-курс студенті Аренова Роза; ІІІ дәрежелі дипломмен 1-курс магистранты Скрипникова Анастасия марапатталды. Төрт секция бойынша қатысқан бірнеше студенттер мен жас ғалымдар дипломдар мен арнайы сыйлықтарға ие болды.