Іс-шаралар

Өмірге өкпесі жоқ адам

4-ақп-21

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінде белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі жазушы-публицист Сапар Байжановтың туғанына 90 жыл толуына орай «Ұлтының ұмытылмас тұлғасы - Сапар Байжановтың шығармашылығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті.

Конференцияда ғалым еңбектерінің арнайы көрмесі ұйымдастырылды.

Конференцияда ғалым еңбектерінің арнайы көрмесі ұйымдастырылды. Ғылыми жиынға Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағы, шетелдік ғалымдар, Республикалық БАҚ басшылары мен танымал журналистер, қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері онлайн байланысқа шығып, Сапар Байжановтың өнегелі өмірі туралы естеліктермен бөлісті. Жазушының әдеби-рухани мұрасымен қатар, қоғамдағы қайраткерлігі ерекше аталды.

Ары қарай оқу >>

Ғалым әйелдер мәртебесі

4-ақп-21

ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жарық көргелі жатқан «Қазақстаннның белгілі ғалым әйелдері» атты энциклопедияға әл Фараби атындағы Ұлттық университеттің журналистика факультеті Ғылыми кеңесінің шешімімен «Баспасөз және электронды БАҚ» кафедрасынан тәлімгер ұстаз Клара Қабылғазина ұсынылды.

Ұстаздың шығармашылық жұмыс өтіліне 50 жыл, педагогикалық өтіліне 40 жыл толып отыр. 1973-75 жж. Алматы облысы, Іле аудандық газетінде әдеби қызметкер, 1976-79 жж. республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінде меншікті тілшілер бөлімінің қызметкері, 1980-81 жж. Қазақ телевизиясы қызметкері,1981-82 жж. Алматы Жоғары партия мектебінде оқытушы, 1982 жылдан бері әл Фараби атындағы Мемлекеттік университетте баспасөз кабинетінің меңгерушісі, аға оқытушы, доценттік қызметтерде болды, 2006-2010 жж. республикалық «Арай» жастар журналының Бас редакторлығы қызметін қосымша атқарды.

Ары қарай оқу >>

Ұрпақтар рухын қанаттандыру үшін

4-ақп-21

      Ежелгі Египет елінің астанасы Каирге сапарымыздың  басты мақсаты- бабамыз  Сұлтан Бейбарыстың  (1225-1277)  мәңгілік мекен еткен орынына тәу ету болатын...

      Жаугершілік заманда, бала күнінде Қыпшақ даласынан тұтқынға алынып, Мысыр елінде құлдықта  болған бабамыз - жат жерде ерекше ерлігімен, асқан талантымен  хандыққа  дейін көтерілген қазақ тарихындағы аса ғажайып тұлға. 
     Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны әл-Мәлік әз-Заһир Рукн-әд-дін Бейбарыс   1250 ж. шамасында мәмілүктердің әскери әмірі болып тағайындалған. Сұлтан Бейбарыс Мысыр мен Шам еліне билік құрған 1260—77 жж. аралығында крест жорықтарының беті қайтарылып, моңғол қосындарының шапқыншылығы тойтарылады, елдің саяси-әскери беделі жоғарылайды, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарады. Бейбарыс тек қана талантты қолбасшы ғана емес, сондай-ақ, көреген саясаткер ретінде танылады

Ары қарай оқу >>

Ғылым мен өнерді ұштастырған ...

4-ақп-21

          Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдап, бүгінде сол факультеттің  магистратурасында  оқитын   Аружан  Қаратаева жас болса да қоғамдық өмірдің әр саласына белсене араласып жүрген шәкірттердің алдыңғысы деуге әбден болады. Ол Назарбаев Зияткерлік Мектептері арасындағы «Арт Фестиваль-2013» байқауында «Ердің ері - Қобыланды» мюзикліне қатысып ГРАН ПРИ  иегерлерінің қатарына шықты, «Арт Фестиваль-2015» байқауының ашылу салтанатында басты рөлді сомдады. Ақтөбе қаласы «Жас Отан Жастар Қанатының» ұйымдастыруымен өткен оқушылар арасындағы «Мектеп Аруы 2016» байқауында Назарбаев Зияткерлік мектебі атынан қатысып, жүлделі Гран При иегері атанды. Батыс Қазақстан аймақтары арасындағы Кіші ғылым академиясында Ақтөбе қаласының экономикасы мен әлеуеті турасында ғылыми инновациялық жоба қорғап 1 орын иегері атанды. 

Ары қарай оқу >>

«Біздің шәкірттер!» , - деп мақтанамыз

4-ақп-21

             Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына журналистика факультетінің екі бірдей түлегі өтіп, үлкен мәртебеге ұстаздар қауымы да ие болды.

     «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты,  ақын Жанарбек Әшімжанға, "Жас Отан" Жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы лауазымында жұмыс істеген Мәди Ахметовтерге дәріс бергендеріне, сондай халық қалалулылары бола алған азаматтар тәрбиелегендері үшін ұстаздардың да көкіректеріне мақтаныш сезімі ұялап, еңбектерінің жемісті болғандары үшін , сол еңбекті ақтайтын азаматтардың шыққанына ризашылықтарын білдіруде.

Ары қарай оқу >>

Жас радиожурналисттер үлесі

26-қаң-21

     "Әл-Фараби" радиосы- Қазақ Ұлттық Университетіне қарасты студенттік радио. "Әл-Фараби" радиосының «Жас радиожурналист» үйірмесінде қазіргі таңда , тіпті пандемия жағдайында көптеген студенттер қатысып, онлайн режимде хабарлар жасап отыр. Олардың көпшілігі 1-ші курс студенттері болса, енді біразы 2-ші курс студенттері.   « әл Фараби» радиосының ҚазҰУ жаңалықтарын эфирге шығаруы - «Радиожурналист» үйірмесінің негізгі өнімі болып табылады. Радионың шығармашылық жетекшісі Клара Қабылғазина, саунд операторы Бақыт Әмірбек. 

Ары қарай оқу >>

ҰЛТЫНЫҢ ҰМЫТЫЛМАС ТҰЛҒАСЫ - САПАР БАЙЖАНОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

14-қаң-21

Жуналистика факультетінің ұйымдастыруымен  және "Qazaqstan" арнасы мен "Қазақ Радиосының" қолдауымен,  2021 жыл 27 қаңтар сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің Е. Шәймерденов атындағы аудиториясында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, танымал жазушы-публицист Сапар Байжановтың туғанына 90 жыл толуына орай «ҰЛТЫНЫҢ ҰМЫТЫЛМАС ТҰЛҒАСЫ - САПАР БАЙЖАНОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

Цукуба атты жапон университетінде әл-Фараби орталығы ашылды

8-қаң-21

Әлемдік деңгейдегі білім беру және зерттеу орталығы болып саналатын Цукуба атты жапон университетінде әл-Фараби орталығы ашылды. Бұл ұлы ғұлама әл-Фарабидің 1150-жылдық мерейтойына орай, халықаралық ұйым ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен өткізілген іс-шаралардың бірі [2]. Жаңадан ашылған орталық әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдігі ретінде жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ары қарай оқу >>