"Үркердің онлайн зертханасы" басталды

18-ақп-21

Көрулер: 1011

"Үркердің онлайн зертханасы" басталды. "Медиа даму қоры" биыл алғаш рет журналистика факультеттері студенттеріне арналған интеллектуалды активити күндерін бастады. Әлемде Журналистер арасында ұлттық мәртебелі сыйлық иегерлерінің осындай жақсы тәжірибесі бар. Мәселен, Pulitzer Prize Пулитцерліктер екі жылда бір Гонконг университетінде 10 күн бойы студенттерге шеберліктерін бөлісіп, арнайы жиналады. SOPA Awards Азия елдері журналистері сыйлығы жеңімпаздары да Гонконгта бас қосып, екі жылда бір студенттерге дәріс оқиды.
Бүгін Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті деканы Қайрат Сақ шараны бастап, журналистердің шеберлік сыныптары білім алушы жастарға пайдалы , танымдық дәрістер екендігін баса айтты. Шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті ұсынысымен, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті және "Медиа даму қоры" бірлесе ұйымдастырды.