Факультет Лион жоғары қалыпты мектебімен (ENS Lyon) ынтымақтастықты дамытады

14.12.2022

Көрулер: 494

14 желтоқсанда халықаралық қатынастар факультетінің ұйымдастыруымен ҚазҰУ факультеттер өкілдері мен Францияның Лион қалыпты жоғары мектебі (École normale supérieure de Lyon, ENS Lyon) өкілдерінің онлайн-кездесуі болып өтті.

Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты орнату және дамыту мүмкіндіктері жайында ой бөлісті.

Онлайн-кездесудің қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Лион қалыпты жоғары мектебі 2023-2024 оқу жылының күзгі семестрінен бастап академиялық ұтқырлық бойынша өзара білім алушыларды жіберу жайындағы меморандумды жасау жұмыстарын бастауға уәделесті.