Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні және Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған дөңгелек үстел

02.12.2022

Көрулер: 479

2-желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде БҰҰ туралы Академиялық аймақтық ресурстық-ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні және Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған дөңгелек үстел» атты халықаралық конференция өтті.

Конференцияға қатысқан студенттер сыбайлас жемқорлық пен ЖИТС мәселелерінің өзектілігін көрсете отырып, өз баяндамаларын жасап, пікірталасқа қосылды.

Аталған іс-шара жұмысы достық атмосферасында өрбіді және дөңгелек үстел қатысушылары Қазақстандағы және дүние жүзіндегі сыбайлас жемқорлық пен ЖИТС ахуалдарының маңызды мәселелері мен шешім табу жолдарын талқылады.