Жаңалықтар

ҚазҰУ профессоры Бразилиядағы халықаралық семинардың негізгі спикері

18.11.2019

Халықаралық қатынастар факультеті, дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к, профессор Сейдикенова Алмаш Смайылқызы 2019 жылдың 26 қазан мен 2 қараша аралығында Бразилияның университеттік ассоциациясының арнайы шақыруымен Амазония университетінде «Өнеркәсіп 4.0 Тұрақты даму” халықаралық семинарында Өнеркәсіптің университеттердің интернационализациясына әсері” ҚазҰУ мысалында негізгі спикердің бірі ретінде презентация жасады. Бұл семинарға әлемнің отыз елінінің Франция, Швейцария, Англия, АҚШ, Мексика, Перу, Португалия, Италия, Венгрия, Алжир т.б. мемлекеттердің ректорлары мен сарапшылары қатысты. Презентациямен бірге ҚазҰУ дың бейнеролигі де көрсетілді. Сарапшылар мен модераторлар профессор А.С.Сейдикенованың жасаған баяндамасын жоғары бағалап, University 4.0, Smart University, Smart campus университетпен өзара ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қоюды ұсынды.

Ары қарай оқу >>

Кітап презентациясы

15.11.2019

15 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің халықаралық қатынастар факультеті қабырғасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық құқық кафедрасының доценті,з.ғ.к., Самалдыков Мақсұт Кошековичтің "Қазақ университеті" баспасынан 3 тілде (қазақ,орыс,ағылшын) шыққан  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық негіздері. Дәрістер курсы» және  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық негіздері» практикумының тұсаукесері өтті.

Ары қарай оқу >>

“Тәртіп бұзушылыққа жол жоқ” атты эдвайзерлік сағат

14.11.2019

2019 жылдың 13 қарашасында күні халықаралық қатынастар факультетінің “Аймақтану” мамандығының 3 курс студенттерінің эдвайзері, тарих ғылымдарының кандидаты, Бюжеева Б.З. топ студенттері қатысуымен “Тәртіп бұзушылыққа жол жоқ” атты эдвайзерлік сағат өткізді. Эдвайзерлік сағат мақсаты: Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін студенттерге түсіндіру. Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу. Эдвайзерлік сағат барысында студенттер тарапынан тақырып бойынша көптеген актуалды сұрақтар қойылып, бұл сұрақтарға жауаптар алынды.

Ары қарай оқу >>

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

08.11.2019

8 қараша 2019 жылы  Қазақстан-Ресей медициналық университеті ұйымдастырған "Тарихи сана және Жастар" атты жас ғалымдар мен студенттердің республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында Аппазов Алмас І орынға ие болды. Конференция Алматы қаласында өтті.

Ары қарай оқу >>

Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы делегациясының басшысы Свен-Олов Карлссон мырза әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетіне іс сапармен келді.

06.11.2019

2019 жылдың 6 қарашасында Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы делегациясының басшысы Свен-Олов Карлссон мырза әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне іс сапармен келді. Сапар барысында Еуропалық Одақ Елшісі Университет басшылығымен кездесіп, халықаралық қатынастар факультетінде қызмет етіп жатқан Еуропалық ақпараттық Орталық қызметімен танысып өтті.

Ары қарай оқу >>

"Коррупция - жаһандық мәселе" атты эдвайзерлік сағат

02.11.2019

2019 жылдың 1 қарашасында халықаралық қатынастар факультетінің "халықаралық қатынастар" мамандығының 4 курс студенттерінің эдвайзері, тарих ғылымдарының кандидаты, Бюжеева Б.З. топ студенттері қатысуымен "Коррупция - жаһандық мәселе" атты эдвайзерлік сағат өткізді. Эдвайзерлік сағат барысында доцент Б.З.Бюжеева студенттерге қазіргі таңдағы коррупция бойынша маңызды мәселелерді, оны болдырмау жолдары туралы сөз қозғады. Дөңгелек үстел барысында 2015-2025 жж арналған сыбайлас жемқорлықпен күресу стратегиясының құқықтық мәнін талқыланды және пікір-сайыс өтті.

Ары қарай оқу >>

Бизнес-тренинг

26.10.2019

Бүгін, 2019 жылдың 26 қазанында халықаралық қатынастар факультетінде заңгер-практик, халықаралық құқық кафедрасының оқытушысы Базарбеков Думан Қалимбекұлының қатысуымен бизнес-тренинг өтті. Бизнес-идеяны құру, кәсіпкерлікті құқықтық қолдау, қателіктерді болдырмау және өз бизнесіңізді құру мәселелері талқыланды. Думан Қалимбекұлының баға жетпес тәжірибесі, білімі, практикасы, харизмасы біздің студенттерімізді оқуға, ақпарат алуға, уақытты үнемдеуге және алға ұмтылудан қорықпауға итермеледі!

Ары қарай оқу >>

“БҰҰ шеңберіндегі экология маңыздылығы”

25.10.2019

2019 жылы 24 қазанда доцент Б.З.Бюжееваның ұйымдастыруымен "халықаралық қатынастар" мамандығының 4 - курс студенттерінің қатысуымен  “БҰҰ шеңберіндегі экология маңыздылығы” атты мәдени шара өткізілді. Мәдени шараның мақсаты: студенттердің экология мәселесіне байланысты “экологиялық санасын” қалыптастыру және күнделікті эко-әдеттерді қалыптастыруға бағыттау болып табылады.

Ары қарай оқу >>

Бір жол бір белдеудегі жаһандану және Қытайдың бір жол бір белдеу жобасы

23.10.2019

17 қазан 2019 жылы Халықаралық қатынастар факультеті «Шығыс жұлдызы» үйірмесі ұйымдастырған «Бір жол бір белдеудегі жаһандану және Қытайдың бір жол бір белдеу жобасы» атты тақырыптағы дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

Ұ.Ә. Жолдасбекова атындағы студенттер сарайында Витербодан келген әйгілі музыканттар Мариелла Спадавеккья мен Маттео Бишетти өнер көрсетті.

23.10.2019

Италия, Витербо қаласынан екі музыкант Мариелла Спадавеккья мен Маттео Бишетти Орта Азияға концертпен келді. Концерт, олардың басты кейіпкерлер ретінде өткен іс-шара 22 қазанда Алматыда, Қазақстан, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ұ.Ә. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өтті.

Ары қарай оқу >>