Бір жол бір белдеудегі жаһандану және Қытайдың бір жол бір белдеу жобасы

23.10.2019

Көрулер: 2188

17 қазан 2019 жылы Халықаралық қатынастар факультеті «Шығыс жұлдызы» үйірмесі ұйымдастырған «Бір жол бір белдеудегі жаһандану және Қытайдың бір жол бір белдеу жобасы» атты тақырыптағы дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді «Шығыс жұлдызы» үйірмесінің жетекшісі т.ғ.к, доцент Балаубаева Б.М., аға оқытушы Нуралиева С.А., және Аймақтану мамандығының 2-курс студенттері ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің мақсаты студенттерді Қытайдың Ұлы жібек жолы концепциясы, яғни “Бір белдеу бір жол” жобасы аясында перифиириялық дипломатияны күшейтудегі және түрлі көпжақты қатынастарды іске асыруындағы басты бағыттары туралы білімдерін тереңдетіп, өз ойларын түсіндіре алу, жұрт алдында сөйлей біле алу қабілетін нығайту болып табылады. Баяндамашы студенттер “Қытайдың бір белдеу және бір жол” жобасын батыстық және шығыстық бағыттар бойынша зерттеу жасап, талқылау жүргізді. Атап айтқанда, Хасиданова Аяжан “Батыс елдеріндегі жаһандану үдерісін және Қытайдың бір белдеу бір жол концепциясының ықпалын”, Мырзауытбек Марал мен Укеева Айжан “Батыс елдері мен Қытай арасындағы экономикалық жағдайдың дамуы”, Даулетпакова Аружан, Копбаева Арай және Темирғали Жадыра “Қазақстан үшін Бір белдеу бір жол жобасын жүзеге асырудағы жаңа мүмкіндіктер” атты тақырыптарда баяндама дайындап, қорғады.

Дөңгелек үстелдің қонағы т.ғ.д, профессор Нәбижан Мұхаметханұлы “Қытайдың бір белдеу бір жол” жобасы бойынша жаһандану үдерісінің ерекшеліктерін айқындай отырып, студенттердің ғылыми ойлау қабілеті жоғарғы деңгейде екенін атап өтті. Баяндамашылардың жұмысына жоғары баға беріп, дөңгелек үстелге қатысушылардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Дөңгелек үстел өте жоғары деңгейде өтіп, үйірме жетекшісі Балаубаева Б.М. және аға оқытушы Нуралиева С.А. қорытынды сөздерімен аяқталды.