Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы делегациясының басшысы Свен-Олов Карлссон мырза әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетіне іс сапармен келді.

06.11.2019

Көрулер: 1927

2019 жылдың 6 қарашасында Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы делегациясының басшысы Свен-Олов Карлссон мырза әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне іс сапармен келді. Сапар барысында Еуропалық Одақ Елшісі Университет басшылығымен кездесіп, халықаралық қатынастар факультетінде қызмет етіп жатқан Еуропалық ақпараттық Орталық қызметімен танысып өтті.

Сонымен қатар, Свен-Олов Карлссон мырза халықаралық қатынастар факультетінің студенттері мен оқытушыларына Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасымен қарым-қатынастарын дамытудағы басым бағыттарына арналған дәріс оқыды. Жоғарғы мәртебелі Елші мырзаның дәрісі интерактивті түрде өтіп, халықаралық қатынастар факультетінің студенттерімен пікір алмасуға арналды. Пікір талас барысында Елші мырза Орталық Азиядағы қауіпсіздіктің жаңа өлшемдері, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы энергетикалық ынтымақтастықтағы ресейлік фактордың ықпалы, «Бір жол–Бір белбеу» бастамасына еліміздің қатысуы бойынша Еуропалық Одақтың көзқарасы секілді сұрақтарға жауап берді.