Бизнес-тренинг

26.10.2019

Көрулер: 1549

Бүгін, 2019 жылдың 26 қазанында халықаралық қатынастар факультетінде заңгер-практик, халықаралық құқық кафедрасының оқытушысы Базарбеков Думан Қалимбекұлының қатысуымен бизнес-тренинг өтті. Бизнес-идеяны құру, кәсіпкерлікті құқықтық қолдау, қателіктерді болдырмау және өз бизнесіңізді құру мәселелері талқыланды. Думан Қалимбекұлының баға жетпес тәжірибесі, білімі, практикасы, харизмасы біздің студенттерімізді оқуға, ақпарат алуға, уақытты үнемдеуге және алға ұмтылудан қорықпауға итермеледі!